Қазақ мәдениетін сақтап қалған француз кітапханасы Франция Ұлттық кітапханасы – Еуропадағы ең ежелгі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі жағынан әлемнің алып кітапханалары қатарында, анығында, жетінші орын иеленеді. 1368 жылы негізі қаланған корольдік кітапхана Франция королі Карл V-тің кезінде (1348-1380 ж.ж.) Лувр музейінде қызмет көрсете бастаған. 1988 жылы Францияның экс-президенті Франсуа Миттеран (1981-1955) кітапханаларды реформалау бағдарламасына барынша қолдау білдіреді. Соған сәйкес, негізгі қор бірден Париждің XIII округіндегі заманауи үлгідегі зәулім ғимаратқа көшірілді. Бұл кезеңде кітапханадағы баспа өнімдерінің саны 9 миллионнан астам болған. Франция Ұлттық кітапханасы симметрия пішініне негізделген. Жоба латынның «L» әрпі формасындағы төрт бұрышты мұнаралар көмегімен жасалған. Мұнаралар бір-біріне қарама-қарсы қарап, ашық тұрған кітапты көз алдыңа әкеледі. Осы ашық кітаптар ішінде кітапхана залдары және алып эспланадалар бар. Эспланада – таңғажайып гүлзармен көмкерілген көпшілікке ашық қолжетімді айдынды алаң, ол оқуға әрі кездесуге арналған. Жоба – адамзаттың асыл ойы мен шығармашылығының айнасы. Бұл жабдықтардың артықшылығы – кітаптарды сақтауға қолайлы жағдай жасалатындығы, сондай-ақ күнделікті пайдаланушының жанға жайлы жағдайды жылдам сезінуі, тиімді мониторинг пен басқару жүйесінің болуы. Бұл кітапхана бұрынғы 1793 жылғы дерекке сай дүниежүзі бойынша ең алғашқы ақысыз қоғамдық кітапхана болып саналады. Мемлекеттік мекеме ретіндегі Франция Ұлттық кітапханасының міндеті – Францияда жарияланған материалдар көшірмелерінің коллекциясын ақырындап жасақтау. Заңға сәйкес, баспа өнімдері осында сақталуы тиіс әрі олар қоғам үшін қолжетімді болуы керек.
Француз суретшілері XIX ғасырда өмір сүрген қазақ халқының мәдени-тарихи генотипін, салт-дәстүрін, ұлттық нақышын едәуір айқын бейнелей білген. Бұл көшірмелер Франция Ұлттық кітапханасының суреттер бөлімінде сақталған. Өкінішке орай, түпнұсқаларының қай жерде сақталғанын анықтау мүлдем мүмкін болмады.
Мәтін бойынша тапсырмалар
1. Мәтіндегі 1негізгі және 1 қосымша ақпаратты анықтайтын 3 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.
Абайдың сегізінші қара сөзі
29.05.20201629
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? — деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты