Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден
бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр
тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы
көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр.
Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі –
дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына
тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан
үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүддемақсаты
бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына,
саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол –
кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы,
Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
( 2)
Ақпараттар + Дұрыс - Бұрыс
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан
белгілі
Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыртәлкегіне
ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген
ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай
жақсы көрді
Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс бар.
Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары
мектепте өз ана тілінде оқиды
2
Хан Тәңірі шыңы
Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.
Бурабай курортық аймағы
Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.
Шарын шатқалы
Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген
Демалыста (мезгіл үстеулерін қолданумен)
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтті. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға бардым. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектестім. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинадым. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнадық. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кетті.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға бардым. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалды. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, біз барлығына белсене қатысып, жүлделі орындарға да ие болдық. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар таптым.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға бардық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім еді. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға бардық, саябақтарда серуендеп, мұхитта суға түстік.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнады. Жаңа оқу жылына біраз күш жинап, өте жақсы демалдым.