Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы ірі мемлекеттердің бірі. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар. Қазақстан жері – кең-байтақ. Шекараның ұзындығы 14,6 мың шақырымға жуық. Шекарамыз солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен және батысында Каспий теңізімен шектеседі. Шекарамыз Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар бар.
Республиканың әр аймағы бір-бірімен табиғат және экономикалық жағдайларына байланысты ерекшеленеді. Егер республикамыздың бір жерінде металл өндіру, машина жасау, химия өнеркәсібі болса, екінші жерінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай, темір, алтын, мыс мол. «Жері байдың-елі бай»