Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД - ға кіретін республикалар арасында он алтыншы орын алады . Дегенмен республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен он үшінші орында . Бұл Қазақстан секілді ұлан - байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді . Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді . Ақсу - Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды . Бұл Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық . Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр .
Наурызым қорығы 1934 жылы үйымдастырылған . Костанай облысының Наурызым ауданында орналасқан . Оның аумағы 191,4 мын , гектар жерді алып жатыр .
Алматы қорығы 1964 жылы құрылған . Аумағы 71,7 мың гектарға жуық , әртүрлі ландшафт зоналарында жатыр . Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік - батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан . Қорық 1939 жылы ұйымдастырыл ган . Жалпы көлемі - 160,8 мың гектар .
Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған . Қорық Ақмола облысы ның 259 мың гектар жерін алып жатыр . Оған тың даланың ( 38 мың гектар ) қол тимеген , түрен түспеген жерлері , сондай - ақ Қорғалжың және Теңіз ( 199 мың гектар ) көлдері кіреді . Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған . Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейі нен 1447 метр биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан . Қорықтың жалпы ауданы - 75 мың гектар , оның 44 мыңын көл айдыны құрайды .
Үстірт қорығы Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды . Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бүл қорық Үстірт жерінде орналасқан .
Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған . Ауданы – 56 мың гек тар . Қорық Шығыс Қазақстан облысы , Глубокое ауданында орналасқан .
Алакөл қорығы . 1998 жылы құрылған . Ауданы - 197,1 мың гектар Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан . Қаратау қорығы 2004 жылы құрылды . Көлемі - 34,3 мың гектар Қорық шөлді ландшафт зонасының қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан .
Г Мәтіннен толықтауышты табыңдар . Кестені толтырып , оларды құрамына қарай талдаңдар .
Тура толықтауыш —
Жанама толықтауыш —
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.