Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұран. Мемлекеттік ту көгілдір түсті. Ол – білдіреді. Күн – белгісі. Қыран құс – бостандық белгісі. Тудың сол жағында ұлттық бейнеленген. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Елтаңбада шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар және жұлдыз бейнеленген. Шаңырақ – Қазақстан халқының , уықтар – халықтар достығын белгілейді. Қанатты тұлпарлар мен масақтар – байлық белгісі. Бес бұрышты жұлдыз – бақытты өмірге жол сілтеуші. Елтаңбаның авторлары: Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков. Керек сөздер: ашық аспанды, ортақ үйін, ою-өрнек, баянды өмір
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.