Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторларын атаңыздар? 2. Н. Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды? 3. «Ұлттық валюта» дүниеге қашан келді? 4. Қазақстан Республикасының алғашқы Ата заңы қашан қабылданды? 5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 6. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды? 7. « Тәуелсіздік» монументі қай қалада орналасқан? 8. Қазақстан қандай мемлекет? 9. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы? 10. Астана. 14 желтоқсан. 2012 жылы қазақстан халқына жолдауы қалай аталады? 11 - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы не білесіздер? 12. Жұмысшы Нұрсұлтан жайлы не білесіздер? 13. Президенттің саяси өмірбаянының бастау 14 • Басқа лауазымдары мен мансаптары 15• Отбасылық жағдайы туралы не білесіз? 16. Елбасының бірінші халыққа жолдауы қай жылы жолданды, қалай аталады? 17. Елбасы туралы қандай көркем фильм бар? Кино қайда түсірілді? 18. Елбасының қандай еңбектері / кітаптары/ жарық көрді?
Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.
Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...
Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.
люди олимпиадой по казақ тілі. нужно до завтра
1-тапсырма.
Оқылым бөлігі
Оқыңыз.
Достың көп болғаны жақсы ғой. Менің достарым аз емес. Мен кейде балалық шақтың қызықтарын бірге бөліскен достарымды сағынамын. Балалық шақ деген тәтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын.
Мен бастауыш сыныпты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарқаралы ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996 – 2000 жылдар аралығы еді. Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті де, тәрбиелі еді. Әрі бәрі шеттерінен өнерлі балалар. Әсіресе, Аян мен Серік өте жақсыға оқыған. Біз үнемі футбол ойнап спортпен айналыстық. Аян мейірімді де, ақылды. Мен оны осы қасиеттері үшін де жақсы көретінмін. Бүгінде оның қайда екенін білмеймін, оларды сағынып, іздеп жүрмін.
(Қазақстан әйелдері, № 8, 2008 ж. 111 сөз)
1. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) нағашым
В) достарым
С) ауыл
D) футбол
2. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы.
А) сыныптастар
В) студенттер
С) балалық шақ
3. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Балалық шақ тәтті екен.
А) қызық
В) қиын
С) ауыр
D) қымбат
4. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Біз үнемі футбол ойнап, спортпен айналыстық.
А) ылғи
В) қашан да
С) әсіресе
D) әрқашан
5. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Олар да мен секілді студент шығар.
А) сияқты
В) сонымен
С) сол себепті
D) сондай-ақ
6. Бірге жүрген достардың орны бөлек.
А) өзгеше
В) артық
С) бірге
D) бірлікте
7. Оның достары қандай балалар деп ойлайсыз?
А) – Меніңше, тәрбиелі, өнерлі
В) ұйымшыл
С) көп қыдырады
D) ізденімпаз, көп оқиды (7 ұпай)
Тыңдалым
2-тапсырма.
(ютубта екі дос пен аю десеңдер шығады)
1. Бұл аудиомәтіндегі ағашқа өрмелеп кеткен достың іс-әрекетіне қалай қарайсың? (5 ұпай)
2. Талдың түбінде қалып, аюға жем бола жаздаған достың тапқырлығы жайлы сөз қозғап көр. (5 ұпай)
3. Тыңдалған мәтінді бір мақал-мәтелмен түйінде. (5 ұпай)
Шығарма жазу
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шығарма жаз.
1. «Туады ерлер ел үшін...»
2. «Ер қанаты – ат...»
3. Ел бақыты – Тәуелсіздік.
4. Мақал – сөздің мәйегі.
5. Адалдық - ардың ісі.
6. Мәңгілік ел – болашаққа бастаған ел...
7. «Мен білетін Абай...»
.
Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі:
1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
2. Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
3. Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай
4. Тыныс белгілері – 10 ұпай
5. Емле /орфография/ - 10 ұпай