Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
1.Сұраққа жауап беріңіздер.
№
Сұрақ
Жауап
1
Тәуелсіздік күні мерекесі қашан тойланады?
2
Бұл күндер күнтізбеде қандай күндер болып келеді?
3
Үлкен орталықтарда кешешке қарай немен көмкеріледі?
4
Бұл күні барлық жерлерде не өтеді?
5
Тәуелсіздік Қазақстан халқының өкілдері үшін қандай мереке?
2.Жазылым
1.Қазақстан сөзіне тәуелдік жалғау жалғаңыздар.
Менің Біздің
Сенің Сендердің
Сіздің Сіздердің
Оның Олардың
2. « Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін жазыңыз (5-6 сөйлем).
1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз
2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған
соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі
ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда
беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан
бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын
жайып беретін батаның түрі.
3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-
ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.
4.
Менің мектепте ұнататын сабағым қазақстан тарихы. Біз қазақстан тарихынан қазақстан және тағы басқа елдер туралы көп біле аламыз. Және оның көмегімен ата-бабаларымыз туралы да көп мағлұмат ала аламыз.
Келесі менің ұнататын сабағым ағылшын тілі. Ағылшын тілінен де біз көп нәрсе түсінеміз.Ағылшын тілін жақсы меңгеріп алсақ біз шет елдерге оқуға түсуге мүмкіндігіміз болады.
Және де менің тағы бір жақсы көретін сабағым ол математика пәні. Математика пәні біздің өмірімізге өте керек пән. Математика пәні бізге дүкенге кірсек те, және тағы басқа жерлерде керек пән.