Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. №
Сұрақ
Жауап
1
Тәуелсіздік күні мерекесі қашан тойланады?
2
Бұл күндер күнтізбеде қандай күндер болып келеді?
3
Үлкен орталықтарда кешешке қарай немен көмкеріледі?
4
Бұл күні барлық жерлерде не өтеді?
5
Тәуелсіздік Қазақстан халқының өкілдері үшін қандай мереке?
2 – тапсырма
Жазылым
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдары бойынша шағын жоспар құраңыз.
Қазақта «Ас тұрған жерде дерт тұрмас» деген аталы сөз бар. Ас ішкен адамның денсаулығы тез қалпына келеді. Тамақ ішу – қажеттілік. Тамақтану адам денсаулығы үшін аса пайдалы. Тамақта адамға пайдалы дәрумен, минерал, май бар.
Адам денсаулығына көкөністер мен жемістердің пайдасы мол, себебі олар асқазанға жеңіл. Көкөніс пен жемістердің құрамында түрлі дәрумендер көп. Сондықтан түрлі көкөністерді үнемі ас мәзірінде пайдаланған жөн. Көкөніс пен жемістерді көп жейтін адамның денсаулығы мықты болады.
Адамдар фастфудты жақсы көреді. Бірақ фастфуд адам денсаулығына зиян келтіреді. Фастфуд тағамдарына фри картобы, газдалған сусын, гамбургер, пицца және т.б. зиянды тағамдар жатады. Фастфуд тағамдары көп ауруға себеп болады. Сондықтан әр адам дұрыс тамақтану керек.
Жоспар:
3 – тапсырма
Мемлекеттік ту
. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы - 2метр) көгілдір мата. Көгілдір түс - бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл - бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Қыран - еркіндікті, биік арманды білдіреді. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек – қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық өнерін білдіреді. Күн, қыран құс және өрнек – алтын түспен берілген. Тудың авторы, суретшісі - Шәкен Ниязбеков.
Сұраққа жауап бер
- Ернар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай?
- Тудың ортасынды не орналасқан?
- Күннің астында не бар?
- Тудың сол жағында не бейнеленген?
- Тудың реңдік белгісі қандай?
- Неге көгілдір түсті?
- Не себепті алтын түсті?
Это сор
это же очень много прости не могу
Сұрақжауап
1. 16 желтоқсанда
2. Демалыс
3.Отшашумен
4.Қазақстанның барлық жерлерінде іс шаралармен ойынсауықтар өтеді.
5.Маңызды,зор мереке