Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен коректенеді. Қар,жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Өзендер суды алдымен еріген қардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен коректенеді. Шөлейт және шөл зоналарының өзендеріне – Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында да болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Қазақстанның таулы бөлігінің барлық өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін түріне жатады. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен коректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады. Жоғарыдағы мәтіндегі есімдіктердің астын сызып, қызметіне қарай талдаңыз. Қолданылуын анықтап, кестені толтырыңыз (кемінде 3-4 есімдік)[3] Есімдік Сөйлемдегі қызметі Қолданылуы
1. Қатаң дауыссыздар Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш 2. Ұяң дауыссыздар Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді: - ауыз жолды: й, л, р, у; - мұрын жолды: м, н, ң.
4. Ерін дауыссыздары Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у. 5. Тіл дауыссыздары Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз. Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді: - тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш; - тіл ортасы: г, к; - тіл арты: ғ, қ, ң. 6. Шұғыл дауыссыздар Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз