Елімізде түрлі әнші - күйшілер, бишілер, өнерпаздар қатысатын жарыстар өткізіледі. Мысалы: ақындар айтысы, екі жұлдыз, би сайыстары, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Әнші балапан", "Өнерлі отбасы" т.б.
Мен айтыс жайлы жазғанды жөн көрдім.
Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай салт – дәстүрімізді дәріптеп, одан әрі жалғастыру керек.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұмыт болып бара жатқан өнер халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Жалпы, Тәуелсіздікті дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ артық емес. Сонау советтік дәуірде халықты оятып, рухын көтерді. Сөйтіп, 80-ші жылдары алысқа бармайды деген өнер ХХ ғасырда өз дамуын тапты.