БИІК ШЫҢ, ШЫРША — ТАУЛАРДЫҢ КӨРКІ, БАЙЛЫҒЫ,ҰМЫТАР МҰНДА КЕЛГЕНДЕР МҰҢ МЕН ҚАЙҒЫНЫ.ДЕЛЕБЕҢ ҚОЗЫП ТҰРАСЫҢ ЕЛТІП БҰЛ ЖЕРДЕЖАРҚЫРАП ЖАТҚАН ШАҚЫРЫП МҰЗДЫҢ АЙДЫНЫ.(АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА, «МЕДЕУ») Жалпы,мұз айдынға «Медеу» деген атау қалай қойылды деген сауал туындайтыны анық. Тарихшылардың сөзіне сенсек, мұз айдын орналасқан шатқалға қазаққа танымал Шапырашты Пусырман батырдың ұлы Медеудің есімі берілсе керек. Медеу Пұсырманұлы өз заманында Верный уезіндегі кіші Алматы болысын басқарыпты. «Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Талай тарихи сәттердің куәсі болған алып мұз айдында коньки, хоккей, мәнерлеп сырғанау бәсекелері өткізілген. Ал Азия ойындарында біз «Медеу» төрінен допты хоккей бәсекесін тамашалаймыз. «Медеу» 1975 жылдан бастап коньки спортынан әлем чемпионаты, әлем кубогы, КСРО біріншілігі сынды ірі жарыстарды қабылдай бастады. «Рекордтар ұстаханасы» саналатын «Медеу» мұз айдынында 120 әлем рекорды тіркеліпті. Коньки спортының үздіктері Евгения Куликова, Эрик Хайден, Валерий Муратов және норвегиялық Стен Стенсеннің әлемдік рекордтары «Медеудің» еншісінде. Мұз айдында 200ден астам КСРО рекорды дүниеге келді. Сондай-ақ Норвегия, Жапония, Германия. Польша елдерінің ұлттық рекордтары тіркелді. Тіпті әлемге танымал «Давос», «Инцель» мұз айдындарында осыншама көлемде рекорд тіркелмепті. Халықаралық коньки федерациясының сексенінші жылдардағы бас хатшысы Георг Хеслердің бастамасымен «Медеу» әлемдегі үздік мұз айдындардың қатарына қосылды. Ал танымал француз архитекторы Шаппи Лоранның өзі «Медеудің» құрылысына жоғары баға берді. Бүгінде «Медеудің» жаңа тынысы ашылып, күрделі жөндеу жұмысы жасалды. «Алғашында Кеңес елі «Медеуді» Қырғызстан елінде салуды жоспарлаған. Бірақ Дінмұхамед Қонаевтың араласуымен мұз айдын Алматыда салуға шешім шығарылды. Министрлер Кеңесі алғашында құрылыс жұмысына 1 миллион рубль қарастырған. Бірақ Қонаевтың араласуымен 14 миллион рубль бөлінді. Мұз айдынды салуға 3000 астам құрылысшы қатысты. «Медеудің» географиялық орналасуы, саф ауасы, самал желі ерекше. Қазақтың Байқоңырынан ғарышқа адамзаттың тұңғыш ұшуы сияқты «Медеуде» алғашқы әлемдік рекордтардың бірі тіркелді. Сондықтан, сан жылдар өтсе де «Медеу» адамзат тарихында мәңгі қалады»
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.