Бір сәт айналамызға зер салып қарайтын болсақ, жердің, табиғаттың көркі ағаш пен өсімдіктер екенін байқаймыз. «Бір тал кессең, он тал ек» деген халық даналығы да бар емес пе? Яғни, ағаштар мен өсімдіктерді табиғаттың ерекше жаратылысы деп білуге болады, себебі олардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы орасан зор. Өзіңіз қараңызшы: демалуға қажетті оттегіні бөліп шығарады, күннің ыстығында көлеңке береді, құстарға пана болады, жан – жағына көрік сыйлайды, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді, олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі, тіпті, ескі ағаштарды отынға да жаратуға болады. Айта берсек, ағаш пен өсімдіктердің пайдасы көп. Осыны білген дана халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...» деп бекер айтпаса керек.
Соңғы уақытта экологияның нашарлауы салдарынан және басқа да келеңсіз жағдайлар себебінен жасыл желек саны күрт азайып барады. Сондықтан еліміз бойынша жас көшеттерді отырғызу науқандары жүргізіліп, бұл шараға барлық мектеп пен орта және жоғары оқу орындарының шәкірттері түгелдей ат салысуда. Осылайша жасыл желегіміздің саны артып, айналамыз одан да құлпыра түспек. Болашақта осы жастарымыз еккен ағаштар келер ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.
Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы зор. Біріншіден, кейбіреулері дәрілік болса, енді басқалары тамақ үшін, түрлі бояулар, құрылыс материалдарын жасауға пайдаланылады.
Өсімдік өспейтін жер жоқ. Өсімдік суда өседі, тауда да өседі, таста да өседі, құмды, шөл далада да өседі екен. Өсімдіктердің түрлері өте көп. Біреуі шөлді ұнатады, яғни су аз жерді, біреуі суды, ал біреуі көлеңкені ұнатады. Біреуі қатты аязға шыдаса, біреуі аз суықта өліп қалады.
Өсімдіктер ауаны тазартады. Зиянды улы газдарды жұтады, оттегін бөліп шығарады. Айналаға көрік сыйлайды.
ответ:Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы.

Объяснение:
Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы