В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
крис897
крис897
18.10.2022 05:56 •  Қазақ тiлi

Қазақстандағы туризм
Біздің елімізде кейінгі жылдары туризм қалың бұқараны қамтитын демалыстың бір түріне айналып келеді. Нарықтық қатынасқа көшкен кезде туризм бизнестің тамаша көзіне айналып отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бәрінде туризм жақсы дамыған. Туған өлкеге саяхат жасау адамдардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады.
Соның ішінде "Интурист" қоғамының орны ерекше. Ол халықтардың бір-бірімен етене араласуына және мемлекетаралық байланыстардың нығаюына елеулі үлес қосып келеді. Сондай-ақ, шетелдерде туризм табыс табудың көзі, шаш-етектен пайда түсірудің ең тиімді жолдарының бірі, яғни ел экономикасының бір ықпалды бөлшегі болып табылатындығы белгілі болды. Қазір бірқатар мемлекеттерде туризмнен түсетін табыс ел экономикасының 20 пайызын құрайды екен. Ал бізде бұл көрсеткіш бір пайызға да жетпейтін көрінеді.
Алайда біздің республикамызда бір-бірімен бәсекелес туристік фирмалар қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Солардың ішінде 50 жылдай тарихы бар, өз ісіне қалыптасып қалған еліміздің қазынасына қажетті үлесін құйып жүрген "Яссауи" компаниясы. "Яссауидің" тарихына, өткеніне үңілер болсақ, ол әріден одақ кезіндегі "Интуристпен" байланысты бастады. Ол 1955 жылдың аяғына қарай ашылған болатын. Осы уақыттан бері шетелдіктер Қазақстанның тарихи мекендерімен, ескерткіштерімен, табиғаты тамаша жерлерімен жақын таныса бастады. Жыл сайын мыңдаған турист Қожа Ахмет Яссауи, Айша-Бибі, Қарахан кесенелерін, Павлодар-Сабындыкөл, Жасыбай көлдерін, Қарқаралының сұлу табиғатын, Шығыс Қазақстандағы Марқакөлді аралап үлгереді. Алматы қаласы өзінің ең алғашқы шетелдік туристерін 1956 жылы қабылдаса, 1974 жылы бұл сан 8 мыңнан асып үлгерді. 1974 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан шетелдік туризм жөніндегі басқарма құрылды. Қазақстанның табиғи байлығының молдығы, әсем табиғаты шетелдік туристерді қызықтырып, оларға үлкен әсер етті.
1981 жылы Интуристке - "Отырар" қонақ үйі пайдалануға берілді. Бұл оқиға туристік қарым-қатынастардың одан әрі ұлғая беруіне себепші болды. Шетелдіктердің Қазақстанға көп келген кезі 1985-86 жылдар аралығы болатын. Онда Польша, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания елдерінен 42 мыңдай турист келген еді. 1992 жылы Республикамызда "Туризм туралы" Заң қабылданды. Осы заң бойынша туризм экономикамыздың жоғары табысты саласына айналуы тиіс болатын. Міне, сол кездері республикамызда жүздеген туристік фирма мен компаниялар құрыла бастады…

1. Мәтін не туралы?
А) Бәсекелес туристік фирмалар қатары туралы
Б) "Яссауи" компаниясы туралы
С) "Отырар" қонақ үйі туралы
Д) "Интурист" қоғамының орны туралы

2. Қазақстанға бірнеше елден туристердің келгені жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған?
A) 1-2
Б) 2
С) 3
Д) 2-3

3. Төменде берілген сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.Сөйлемдеріңізді берілген сөздермен бастаңыз.

А) Сондай-ақ, шетелдерде туризм табыс табудың көзі, шаш-етектен пайда түсірудің ең тиімді жолдарының бірі, яғни ел экономикасының бір ықпалды бөлшегі болып табылатындығы белгілі болды.


Б) Осы уақыттан бері шетелдіктер Қазақстанның тарихи мекендерімен, ескерткіштерімен, табиғаты тамаша жерлерімен жақын таныса бастады.


4. Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз.
Туған өлкеге саяхат жасау адамдардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады…

Показать ответ
Ответ:
Ybivashka11
Ybivashka11
06.08.2020 08:24

таптынызба жауабын

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота