«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер», «Тауды мекендейтін аң-құс» 1-ТОҚСАН №1 ТЖБ
Оқушының аты жөні 5 « »сынып
Оқу мақсаты : 5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби
шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
5.4.2.1 әңгіме, мәтін құрылымын сақтай отырып, аң-құс, табиғатты, туралы
оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата
білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі:
Мәтін тақырыбын анықтап, кейіпкерлер мен олардың әрекетін
сәйкестендіреді
o Мәтіндегі жалпы, жалқы есімдерді анықтайды
o Тақырыпқа байланысты сипаттап, құрылымы сақталған мәтін
жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну,қолдану,салыстыру, зерттеу
Білім алушы
• тірек сөздерден әңгіме немесе мәтін жазады;
• кубизм әдісін қолданып, кейіпкерлерді жан-жақты зерттейді;
• жалпы есім мен жалқы есімді жазады;
Орындау уақыты : 40 минут
Максималды : 15
Оқылым. Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз. 2 ұпай
Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында
отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:
– Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? - деді.
– Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.
– Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, -
дейді түлкі.
– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп
қоюы мүмкін, - деді қырғауыл.
– Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім,
«біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен
қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға
бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.
– Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр,
оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл.
Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.
– Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан
естілді.
1- тапсырма. «Кубизм» әдісін қолдана отырып, түлкі мен қырғауыл
туралы жаз. 7 ұпай
зертте Ертегі қай аңдар туралы?
салыстыр Түлкі қандай аң? Қырғауыл қандай аң?
түсіндір Түлкі бұйрықты орындады ма? Қырғауыл бұйрыққа бағынды
ма?
қолдан қу, мақтаншақ, айлалы, ақылды туралы мақал-мәтел жаз
суретте Түлкі неден қорқып қашып кетті? Қырғауыл ағаштан неге
түспеді
кеңес бер Түлкі сияқты досың болса, қырғауыл сияқты ақылды, айлалы
бол
2- тапсырма. Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді теріп жазыңыз. 2 ұпай
Жалпы есім
Жалқы есім
3-тапсырма Өз қалауыңда екі тақырыптың бірін таңдап, мәтін немесе әңгіме
жаз. 4 ұпай
1 «Таңғажайып Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін жаз.
Тірек сөздер: табиғаты ерекше, айдын көл, сұлу өзен, асқар тау, кең дала, он
қорық, көркем мекен, анаңдай қамқор, көздің қарашығындай сақтау, «Қызыл
кітап», экологиялық мәдениет
2 «Көңілді хайуанаттар бағы» тақырыбына әңгіме құрастырып жаз.
Тірек сөздер: хайуанаттар бағы, жануарлар, арыстан, жолбарыс, барыс, маймыл,
піл, қасқыр, қоян, аю, күшті, көңілді, ақырады, ұлиды, ырылдайды, қу.
дескриптор:
тірек сөздерді қолданады;
сауатты, жалғауларды дұрыс жалғайды;
ЭТО СОЧ
Қатыстық сын есімдер: сабырлы, ашулы, ақылды, күшті, қалалық, ізетті.
Сапалық сын есім: Момын, ашық, қатты, жақсы, жаман, әдемі.
Объяснение:
Заттың сын-сипатын басқа сөз табыныың (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім) қатысы арқылы білдіретін сын есім - қатыстық сын есім.
Мысалы: Темірдей (тәртіп), сусыз (жер)
Негізі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім - сапалық сын есім.
Мысалы: жасыл (ағаш), ыстық (нан)
Ең бастысы, сөз түбіріне назар аудару қажет
Тұрақты тіркестер: Е, Ж, И, К, Қ
Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау
Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу
Екі езуі екі құлағына жету – қуану
Екі көзі төрт болды – қорықты
(Бұл – кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға арналған пост)
Екі көзі шарасынан шығу – қорқу
Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру
Еңбегін сауды – адал күн кешті
Еңсесі құру – сағыну
Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар
Ереуіл атқа ер салу – елін қорғануға асыну
Ернін шығарды – мазақтады
Ернінің емеурінін табу – көңілін табу
Есек құрты мұртына түсу – баю
Етек-жеңін жию – есін жию
Етектен алу – кедергі жасау
Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
Жағадан алу – қылғындыру
Жағасын ұстау – таңдану
Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйледі
Жағына пышақ жанығандай – арық
Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты
Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру
Жанары кетті – көзінің нұры кетті
Жанды жегідей жеу – қиналу
Жаны зәр түбіне жету – қорқу
Жаны сіріден жаралған екен – мықты
Жанын қоярға жер таппау – әлек болу
Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау
Жауырынан жел өту – азап шегу
Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру
Желкесін қасу – қысылу, сасу
Жеме-жемге келгенде – шешуші сәтте
Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты
Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс
Жер болу – ұялу
Жер жұту – жоқ болу
Жер қабу – өлу
Жер қаптыру – алдау
Жетім қыздың тойындай – елеусіз
Жұлдызы оңынан туу – жолы болу
Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу
Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу
Жүз тайысу – ұрысу
Жүзі қайту – тайсалу
Жүзі солу – жүдеу
Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу
Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау
Жүндей түтті – әбден сабады
Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды
Жүрегінің түгі бар – батыр
Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз
Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады
Жылан жалағандай – түк қалдырмау
Жыланның басы қайту – аштығы басылу
Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмеу, абдырап сасу
Жыртысын жырту – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді
Жібі түзу – дұрыс адам
Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу
Жілігі шағылу – беті қайту
Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу
Зәрі қайту – уы тарқау
Зәріне міну – қаһарлану
Зығыры қайнау – ашулану
Иегі қышу – дәмелену
Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз
Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр
Инені жіпке тізу – бәле қуу
Иненің жасуындай – азғантай
Иненің көзінен өткендей – пысық
Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді
Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз
Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау
Ит болу – қор болу
Ит пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасында
Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау
Иттің қара тұмсығындай көру – жек көру
Иттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген
Иығына су кету (иығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу, шаршау
Иығынан дем алу – мақтану
Иін тірескен – өте көп
Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу
Кәдеге асу – іске жарау
Кәріне міну – ашулану
Кебін кию – аяғын құшу
Кежегесі кейін тарту – жалқаулану
Кендірі кесілді – көтерем болу
Кең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақ
Кең дүние тар болу – дүниеден түңілу
Кердең басу – талқандау
Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам
Кеудесіне шайтан кіру – азу
Көз байлау – алдау
Көз болу – ие болу
Көз жазып қалу – адасу
Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау
Көз салу – қарау
Көз сүзу – телміру
Көзі шалу– байқау, аңдау
Көзге сүйел болу – жеккөрінішті көріну
Көзге түртсе көргісіз – қараңғы
Көзден ғайып болу – жоқ болу
Көзді ашып-жұмғанша – тез
Көздің жауын алу – қызықтыру
Көздің шырымын алу – аздап ұйықтау
Көзі (қарасы) батты – біржола жоқ болды
Көзі алақандай болу – қорқу
Көзі ашылу – санасы ояну
Көзі жету – кәміл сену
Көзі тою – көңілі тою
Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау
Көзіне шөп салу – алдау
Көк айыл (долы) – ашушаң
Көк ала қойдай ету – сабау, ұру
Көк өрім – бала кез