В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
frolovaasd2017
frolovaasd2017
24.08.2021 21:29 •  Қазақ тiлi

Қазақстандықтарға арнап қазба байлықтарының қорын үнемдеу мақсатында жел энергиясын
қолдануды қолға алуға шақыратын үндеу хат жариялаңыз. Үндеу хат мазмұнында берілген
сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: энергия мөлшері, күшті толқын, табиғи апаттар, дәстүрлі емес энергия көзі,
табиғат тепе-теңдігі, тиімділік, жел электр станциялары, табиғи ресурстар, т.б.​

Показать ответ
Ответ:
danisimokuvshn
danisimokuvshn
26.05.2021 05:39

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп:

- Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? - деп сұрапты.

Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен.

- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! - деп қоя беріпті бала

0,0(0 оценок)
Ответ:
tayasivakova
tayasivakova
23.12.2021 10:16
Оқушы: Салеметсізбе
Мұғалім: Сəлеметсіңбе
Оқушы: қалыңыз қалай
Мұғалім: Шүкір жақсы. Қандай шаруамен келген?.
Оқушы: Мен Қазақ тілі сабағынан қосымша сабақ алғым келеді?.
Мұғалым: оның дұрыс. Бырақ неге менын сабағымнан( оқушыны сынау үшін сұрады)
Оқушы: мен қазақ жерынде тұрып қазақ тылын былмегеным ұят болады. Əрбір оқушы қазақ тылын жоғарғы дарежеде былу керек деп ойлаймын сондықтан үйренгім келеды.
Мұғалім : сенын ойың маған ұнады. Мен саган қуана қуана қосымша сабақ беремін. Қай кезде бос болсаң сол кезде келе гой.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота