Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» , «Спорт және денсаулық күтімі» бөлімдері бойынша жинақтау бағалау жұмыс мәтін
Мәтінді мұқият оқыңыз.Внимательно читаем текст
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
1-тапсырма Сөйлемдердің қазақша нұсқасын мәтіннен тауып, жазу .Найти и записать в тексте казахский вариант предложений.
Отырар один из славных городов на Великом Шелковом пути. ( )
Потому что в этом месте можно было продать и купить любую вещь. ( )
2-тапсырма Сұрақтарға жауап беру. ответьте на вопросы
Ұлы Жібек жолының қай мемлекетте өткен жолы Сауран қаласы болды? ( )
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы қай қала болды? ( )
3-Тапсырма Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі туралы мәтін жазыңыз . (написать текст об одном из древних городов Казахстана) ( )
Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
«Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...»
Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.
4-тапсырма
Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз. Заполните таблицу по тексту. Определите характер, поступки героя. (
Кейіпкердің
аты
Кейіпкердің
жасы, түрі,
сыртқы келбеті
Кейіпкердің
мінезі, қылығы,
ішкі жан дүниесі
Кейіпкердің
іс-әрекеті
ерлердің ұлттық киімдері жейде шалбар жеңсіз қамзол бешпент ішік тон.ерлердің бас киімнің түрлері өте көп қалпақ тымақ түлкі тымақ хан қалпақ.әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады.бойжеткепдер мен келіншектердің киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі.оларға қызыл түсті маталар пайдалынады.ақ сары қызыл жасыл көйлектердің сыртынан алтын жіппен,асыл тастармен,зермен әшейкеленген қамзол киіледі.үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен,күміс,маржанмен әшекеленеді.бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген көп қаржы жұмсаған.
қазақтың ұлттық тағамдары . ұннан жасалатын ересек ер кісі күніне 300-400 грамға жуық, ал ауыр дене жұмысын атқарған кезде 600-800 грамға дейін нан жейді. нанда 40 пайыздан 50 пайызға дейін углевод, сондай-ақ белок пен аздаған май бар. бұл – нан күніне 600-1000 килокалория энергияны қамтамасыз етеді деген сөз. демек, тіршілік қызметіне қажетті бүкіл энергияның ¼ бөлігінен 1/3 бөлігіне дейінін наннан алады. нанның әртүрлі сорттарында 5 пайыздан 8 пайызға дейін белок бар. нанды көп жейтін болғандықтан, оның құрамындағы өсімдік белоктары ң белок жөніндегі жалпы қажетінің кемінде 20-30 пайызын қамтамасыз етеді. нан – ас атасы. ол бидай ұнынан жасалады. нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. нанды бір қолмен үзіп жемейді. қазақтар нанды қасиетті санайды. мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ. қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші. шелпек – айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. шелпек жеті нан, тоғыз нан болады. таба нан – тапаға салып пісіріледі. пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.