Жомарттық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі.Жомарттық – Алла Тағаланың сипаттарының бірі.Өйткені,оның бір есімі "көптеген нығмет беруші","жақсылықтар мен ізгіліктерді молынан тарту етуші", "аса жомарт" деген мағынаны білдіретін "Кәрим" сипаты болып табылады.Ал қайырымдылық – жомарттың негізгі өзегі.Өзін-өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық жомарттыққа жатпайды.“Жомарт бергенін айтпас,ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтаса керек.
Ыбырай Алтынсариннің "Атымтай Жомарт" әңгімесіндегі Атымтай секілді жомарттар қазір де бар.Олар да өз кезегінде мұқтаждарға қол ұшын созуда.Жетімдер үйіне,ауырып ем іздегендерге қаржылай көмек беріп жатқандар бар.Енді бірі кемтар адамдарға арнайы орталық ашып,олармен жұмысты күшейтуге,олардың бойында таланттарды ашуға жәрдемдесуде.Енді біреулері Қазақстан атын әлем аренасында танытып жүр.Бұл да,менің ойымша,елге деген жомарттық.Қазіргі таңда жомарт адамның қомақты қаржысы болу міндетті емес.Біреуге жылы сөзіңді аямау,жанашырлық таныту,қуанышын бөлісіп,қайғысына ортақтасу,білгеніңмен бөлісу де жомарттыққа жатады.Жомарттық жасаған соң ол жақсылығыңды ұмытып,жасаған адамыңнан ақысын күтуге болмайды.Ең бастысы,жомарттықты өзің үшін,Алла разылығы үшін жасаған жөн.
Ғылым дегеніміз не?Ол адамзатқа не үшін керек?Өміріңде кем дегенде бір рет болсын осындай сұрақтар туындайды.Александр Герцен: "Ғылым - бұл күш, ол заттардың өзара қарым-қатынасын, олардың заңдары мен өзара әрекеттерін көрсетеді" деген екен.Бірақ қазіргі ғылым қаншалықты күшті? Оның ерекшеліктері қандай? Қазіргі таңда ғылым қоғамда маңызды рөл атқарады деп айтуға болады.Ғылым дамуының деңгейі - қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі,сондай-ақ мемлекеттің қазіргі дамуының көрсеткіші болып табылады. Адамның айналасындағы барлық нәрсе - ғылымның жетістігі.Әрбір үйде және кеңседе қазірдің өзінде компьютер мен ғаламтор бар.Оларды қолдану қалыпты жағдайға айналып,адам оларды пайдалану қауіптілігін ұмытуда.Дегенмен, ғылым қазіргі кезеңде ғылыми қоғамдастық құрылымында жаңа филиалдар құру арқылы осындай мәселелерді шешуге тырысуда. Медицина,биология,генетика,эмбриологияның дамуының арқасында адамдар көптеген ауруларға арналған «антидот» таба алды.Біздің ата-бабаларымыз ХХІ ғасырда емделушілердің организміндегі зақымданған мүшенің орнын жаңа мүшемен алмастыруға болатынын елестете де алмаған еді.Қазіргі қоғамды ғылымсыз елестету мүмкін емес. Қорытындылай келе,ғылым - қоғамның мәдениетінің маңызды нысандарының бірі болып табылады және оның дамуы адам қызметінің барлық салаларын жаңартудың маңызды факторы болып табылады.Заманауи ғылым адамның дүниетанымын қалыптастырады,техникалық прогреспен тығыз байланысты, қоғам дамуының болжамдарын жасауға,бағдарламалар әзірлеуге,адамзат алдында тұрған мәселерді шешуге көмектеседі.Бірақ ғылым әрқашан адамзат үшін қауіпсіз бе? Менің ойымша,бұл сұрақ мәңгіге шешілмей қалады.
Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?