В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
kamakoshkina
kamakoshkina
18.09.2022 00:27 •  Қазақ тiлi

. «Қазақстанның Қызыл кітабы» - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз? Жауабыңызды сипаттап жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).

Показать ответ
Ответ:
Kirra24
Kirra24
26.12.2020 18:40

“Қызыл кітап ” – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.

Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген.

Арал албырты – Аралдың таралу аймағының ең шығысында кездесетін түрі қазір құрып біткен де шығар ; 50 жылдан астам ол туралы нақтылы деректер жоқ . Бұрын Арал теңізінде бірен саран ауланатын . Әмударияда да кездесетін , осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін . Осы маңайда Әмудария бахтағымен будандасуы мүмкін болатын . Ұзындығы 100 см . Қолдан өсірілмеген , бұл түрдің қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін сияқты , бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.

Шортан тәрізді ақмарқа –туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі . Әмудария мен Сырдария су алқабының өзендері , каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөліктерінде тіршілік етеді . Ұзындығы 50 см, салмағы 3 кг . Саны барлық жерде өте аз . Соңғы жылдары таралу аймағы , әсіресе Қазақстанда таралды.Өзендердегі су құрылыстарының және су жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қауіпі бар ; соңғы 40 жылда кездеспеген . Оны Республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып , сондай – ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек .

Шу сүйрік қанаты- тек Арал су алқабында тіршілік етеді . Аз зерттелген , сирек кездесетін балық . Денесінің ұзындығы 16 см Табиғи таралу аймағы – Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы . 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ . Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген . Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген . Оның таралу аймағының және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.

Қызғылт бірқазан –аз санды , шектеулі жерлерде ұя салатын түр . Саны бірте- бірте кеміп бара жатыр . Қазақстанда бұрын кең таралған болатын . қазір оның жеке ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде , Наурызым қорығында , Балқаш көлінде және Іле , Тентек , Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған . Нулы қамысты мекендерде мекендейді Қазақстанда мекен ететіндері 8 мыңдай . Санының азаю себептері – заңсыз аулаушылық , өрт , ұя басу кезінде мазалау . Іленің атырауында қорық ұйымдастырып , құстың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек . Бұл бірқазандар мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарға тыйым салу , оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек .

Мәрмәр шүрегей – Жоғалып кету қаупі тұр . Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде –бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында , Еділ мен жайықтың аралығында жиі кездесетін . Саны барлық жерде азайған . Туркияда 70- жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған . Санының азаюы себептері анықталмаған . Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрджі терең зерттеу жұмысдтарын жүргізіп , жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек .

Лашын-жойылып кету қаупі бар түр . Лашын жер шарында кең таралғанмен , Қазақстанда анық екі – ақ жерде ұясын тапқан – біреуі Наурызым қорығында (1935 ж) , екіншісі Оңтүстік Алтайда (1958) табылған . Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкім де көрген емес . Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен , бізде қыстайтындардың саны азаюда ; масалы , Алматыда 1883-1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған . Қолдан өсіріп жетілген балапандарын еркіне жіберуге ұйымдастыру керек .

Ақ тырна –жойылып кету жағдайында тұр . Солтүстік Азияда , Ресейдің Солтүстігінде ұялайды . Қазақстанда наурыз мамыр және қыркүйек қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді . Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспйды . Қазаұстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжың қорыфқтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғай қорығын құруды тездету керек .

Дуадақ-жойылып кету қаупі бар түр. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы дала мен тау бөктеріне кең тараған еді. 50- жылдары тың жерлерді игерудің нәтижесінде көп жерлерже жойыла бастады. Саны оншақты есе азайды . Қазіргі уақытта Қакзақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18- ден аспайды . Қазақстанның барлық далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдасчтыру қажет.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота