Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясын айтқан - Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев, Астана Азияның солтүстігінде
орналасқан. Астана шаһары «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл»,
«Байқоңыр» аудандарынан тұрады,
Астана — Қазақстандағы ірі бизнес орталықтарының бірі, Астана мәр-
тебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.
Астанада саяси және әкімшілік іс-шаралар, түрлі жарыстар жиі ұйым-
дастырылады. Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік Кү
рылыс компаниясы қатысты.
Астанада батыс пен шығыстың мәдени дәстүрі үйлесімді қолданылған
Ғимарат көп.
«Бәйтерек» кешені — жаңа елорданың басты символы, оның бой
тұмары. Онда «Аялы алақан» композициясы бар. Астанада «Ханшатыру
сауда-саттық және ойын-сауық орталығы, теңізден алыс орналасқан
океанариум — «Думан» орталығы, «Астана Опера» мемлекеттік опе
ра және балет театры, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Қазақ елім
монументі, 30 мың көрерменге арналған «Астана-аренам жабық стадио-
ны бар.
1)Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді тап. Осы зат есімдермен жай сөйлемдер құра. (выпишите из текста несколько конкретных и абстрактных сущ и составьте с ними 2-3 предложения)
2)Нұр-Сұлтан қаласы туралы 6 сұрақ жаз. (задайте 6 вопросов о городе Нурсултан(Астана))
Бауыржан Момышұлы - дана да дара тұлға.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.
Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.
Денсаулыққа зиянды заттар : шылым шегу , дұрыс тамақтанбау, алкогольді ішімдіктерге әкестену , фас - фуд ,нашақорлық .
Темекі шегу- адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану.
Дұрыс тамақтанбау адам ағзасындағы зат алмасуға кедергі келтіріп, түрлі ауруларды тудыруы мүмкін.
Алкогольдің өсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған.
Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді.
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады.