Қазақстанның жеті кереметі 1. Қазақтың киіз үйі
Киіз үй - көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады. Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.
2. Алтын адам.
1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған.
3. Домбыра
Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді.
4. Таңбалы тас суреттері
Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы болып саналады.
5. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан.
6. Маңғыстау жерасты мешіті
Маңғыстау облысындағы Үстіртте орналасқан Бекет ата жер асты мешітіне арнайы зиярат етіп келушілер көп. 1750-1813 жылдары өмір сүрген Бекет ата Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе-мешіттер салған. Бекет ата Оғландыдағы осы мешітінің бөлмелердің бірінің іргесіне жерленген.
7. Астана - Бәйтерек
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды.
Осы мәтінді үлгіге сәйкес талдаңдар: қосымша, негізгі және детальды ақпараттарды анықтаңдар
Кайрат деген бир бала болыпты онын анасы ,акеси жане карындасы бар екен .Ол Караганды каласынан Алматыга отбасы мен кошетин болыпты . Анасы дастархан жайып Кайратын достарын, коршилерин жане туган туысты коннака шакырады .Кайрат достырымен коштасып келеси кунде Алматыга кошип келеди.Жана мектепке ауысады да жана достар мен дос болады . Ол жана достарын уйне конакка шакырады .Анасына жане Акесине таныстырады.
-Кайрат: Аке,Ана бул Айбек,Ерболат жане Азамат танысып койныздар
-Анасы танысканымызга куаныштымыз
суйтип олар жаксы дос болады