Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп мүмкіндік жасалған. Қазақ тілі – көркем тіл. Ол синоним сөздерге, фразеологизмдерге, мақал – мәтелдерге бай. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілін білген адамға өзбек, түркімен, ұйғыр тілдерін түсіну оңай.
Тіл – а ғана берілген ұлы қасиет.Тілсіз адамның биік нәтижеге жетуі, рухани дамуы мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым – қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік арманға қол жеткізеді. Тек тіл арқылы көңіл күйін, ішкі сезімін білдіреді, өзіне өмірлік дос, жақсы жар табады.
Сонымен, тіл – адамдардың өзара пікір алысуының, ой бөлісуінің ғана құралы емес, тіл – қоғамдық мәні зор, ерекше құбылыс. Әр тілдің өзіне тән ерекшелігі қарым – қатынас ережелері болады. Сондықтан адам қанша тіл білсе, сонша түрлі қарым – қатынас әдебін де үйренеді.
1-тапсырма. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Еңбекқорлық туралы
B. Адамгершілік туралы
C. Тіл туралы
D. Өнер-білім туралы
2-тапсырма. Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
А. Тіл – қарым – қатынас құралы.
В. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
С. Тіл – а ғана берілген ұлы қасиет
D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3-тапсырма. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
әңгіме
сұхбат
ертегі
мақала
4-тапсырма. Оқыған мәтіннен қазақ тілі туралы қандай мәлімет білдің?
1.
2.
3.
1- тапсырма
С) Тіл туралы
2-тапсырмс
А)Тіл-қарым-қатынас құралы
3-Тапсырма
Мақала
4-тапсырма
1)Қазақ тіл,синоним сөздерге, фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге бай екенін білдік.
2) Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына жататын білдік.
3)Қазақ тілін білген адамға өзбек, түркімен, ұйғыр тілдерін түсіну оңай екенін білдік