Қазақ тілі бжб көмектесіндерш керек Тапсырма
1 Мәтіндерді мұқият оқып, оларды тақырыбы, мазмұны тілдік ереркшеліктері тұрғысынан
салыстырыңыз.
1-мәтін
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих,
шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология
ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы,
Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі - Хақан, шешесі - Нұрила. Әлкей бастауыш
білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде
оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат
соғысында опат болып жатқан а ға әсер етуінің кесірінен оқи
алмайды. 1919 жылы Әлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп,
оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет
атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға
барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады.
2-мәтін
Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының
Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани
деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-
Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке
барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы
Қаржас бөлімінен шыққан.
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында
орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды.
1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған
білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап,бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында
ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Мазмұны не туралы?
Мәтіндердің сөз қолданыстарында қандай ұқсастықтар бар? Мысал келтіріңіз
2 Әр мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле отырып, жоспар құрыңыз. Әр бөлімге атау
беріңіз.
1-мәтін бойынша жоспар:
1) Кіріспе бөлім
2) Негізгі бөлім
3) Қорытынды бөлім
2-мәтін бойынша жоспар:
1) Кіріспе бөлім
2) Негізгі бөлім
3) Қорытынды бөлім
Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген тоқсан жеті метрлік сәулет өнерінің бірегей туындысы - Бәйтерек. Бәйтерек монументі - Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
Аңыз бойынша, киелі құс Самұрық өмір ағашына ұмтылады, өмір ағашы - Бәйтерек. Самұрық ағаштың алтын ұшар басында алтын жұмыртқаны тастау үшін қорғанады. Алтын ұрық - ол өмір және үміт беретін Күн. Сол күнді аш Айдаһар түбінде аңдып отырады.Бұл - жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресінің бейнесі. Ағып жатқан Бейбітшілік өзенінің бойында тұрған Бәйтерек аспанды тіреп тұрғандай көрінеді.
Бүгінгі таңда «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі.
ответ:"
"Ақ тиін мен қасқыр" ертегісі.
Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:
— Мені жеме, жібер? – дейді.
— Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін:
— Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады.
Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
— Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз, – дейді де, cылқ-сылқ күліп, ағашқа өрмелеп шығып кетіпті.