Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 8 «г» сынып
Күні: 22.04.2020ж.
Сабақтың тақырыбы: Суырыпсалмалылық табиғаттан.
Мақсаты:
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу.
Сабақтың тақырыбы: Суырыпсалмалылық табиғаттан.
Суырыпсалмалық - белгілі бір тақырыпқа колма-қол өлең шығарушылық өнер. Суырыпсалмалық дәстүрін ұстану бізде айтыс өлеңдеріне байланысты туып өркен жайған. Ақын болып танылу айтыспен егіз, екеуі қатар дамыған, бірінсіз бірі жоқ. Бұл халқымыздың тұрақты ба мектебі жоқ көшпелі өміріне сәйкес орнығып қалыптасқан. Қалыпты театры болмаған елде Суырыпсалмалық айтыс ақындарының бас қосып, шаршы топ алдында сөз бәсекесіне, өлең жарысына түсуі көпшіліктің театр іспеттес көңіл көтерер сауығына, тамашасына айналған. Мұның небір тамаша үлгілері: тапқырлық пен аталы сөздің кисыны мол керкемдіктің ғажайып түрлері осы Суырыпсалмалық өлеңдерден ұшырасады. Суырыпсалмалық өнердің биік шыңы айтыс қарақалпақ, қырғыз елдерінде де сақталган, алайда бұл өнер бізде өзінің шыркау шегіне жеткен. Бұған дәлел ретінде "Біржан мен Сара", "Әсет пен Ырысжан", "Молда Мцса мен Манат қыз", т.б. айтыстарын айта аламыз. Бұларда халықтық этикасы мен эстетикалық талап талғамдары да кең көрініс тапқан.
1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Жанр, стилін анықта.
2- тапсырма. Сен айтыскер ақын болсаң, қандай мәселелерді көтерер едің? Өз ойыңызды жазыңыз!
Еңбекқор құмырсқа.
Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.
Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.