«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Қуат көзін үнемдей білеміз бе? Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада Астана - мәдениет пен өнер ордасы Қазақстан қорықтары Тыңдалым Электр қуатын үнемдеу жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін карастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген. Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат куат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар каржы бөлген. Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында же станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да
Амур өзені Қытай, Ресей мен Моңғолия аймағын алып жатыр. Ұзындығы – 2824 шақырым. Алабының ауданы - 1855 км². Өзен жаздық, күзгі муссондық және жазғы-күзгі жаңбырлар негізінде толығады. Ең төменгі деңгейі қыс аяғында байқалады. Мұзы көкек — мамыр айларында ериді.
Миссисипи – Солтүстік Америкадаға ең ірі өзендердің бірі. Ұзындығы 3766 шақырымды құрайды. Ал Миссури сағасымен қос есептегенде, 6420 шақырым болады. Атлант мұхиты алабының басты өзені − Миссисипи материктегі ең суы мол өзен болып табылады. «Миссисипи» атауы үндіс тілінде « су атасы » дегенді білдіреді. Өзен жауын − шашын әртүрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады.
Конго өзені өзінің бастауын Ньяса мен Танганьика көлдерінің аралығындағы биіктігі 1600 метрлік таулы үстірттен алады. Конго экваторды 2 рет кесіп өтетін өзен. Ұзындығы – 4700 шақырым. Африкада ұзындығы жөнінен екінші орында, әлемдегі суы жөнінен Амазонка өзенінен кейін екінші орынды алады.
Конго өзені өзінің бастауын Ньяса мен Танганьика көлдерінің аралығындағы биіктігі 1600 метрлік таулы үстірттен алады. Конго экваторды 2 рет кесіп өтетін өзен. Ұзындығы – 4700 шақырым. Африкада ұзындығы жөнінен екінші орында, әлемдегі суы жөнінен Амазонка өзенінен кейін екінші орынды алады.
Парана – Оңтүстік Америка материгіндегі ұзындығы жөнінен Амазонкадан кейінгі екінші өзен. Парагвай, Бразилия мен Аргентина елдерінің шекара бөлігінде орналасқан. Ұзындығы - 4880 шақырым. Бастауын Бразилия таулы үстіртінен ағып шығатын Риу-Гранди және Паранаиба өзендерінен алады. Сол жағынан Игуасу, Уругвай, оң жағынан Парагвай салалары қосылады. Парана мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы — су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана жаңбыр суымен толығып, жылына екі рет тасиды (қаңтар — мамырда және маусым — шілдеде).
Обь – Батыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Су жиналатын алабының ауданы - 2990 мың км2. Негізгі салаларына Том, Шұлым, Кет, Тым, Вах (оң); Васюган, Үлкен Юган, Ертіс, Есіл, Тобыл, Солтүстік Сосьва (сол) өзендері кіреді. Өзеннің ұзындығын Ертіспен қоса есептегенде 5414 шақырым.
Хуанхэ Қытай жерінің ана сипатындағы өзені болып саналады. Оны ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ежелгі мәдениеттің бастапқы ошақтарының бірі десек те, қате болмас. Көлемі жағынан Аспан асты елінде екінші, ал ұлтанына құмның түзілуі жөнінен әлем бойынша бірінші орында тұр. Өзеннің ұзындығы шамамен 5464 шақырымдай. Ондағы құмның жиналу мөлшері жылына 1,6 миллиард тоннаға жуық. Оны дәл осы сипаты үшін Хуанхэ деп атаған. Қытай тілінен аударғанда «Сары өзен» деген мағынаны береді. Басын Тибет шыңдарынан алып, Ұлы Қытай жазығы бойымен жылжып келіп, Сары теңізге құяды.
Енисей өзені Ресей мен Моңғолия жерін алып жатыр. Су жиналатын алабының ауданы 2580 мың км². Жалпы ұзындығы 5539 шақырымды құрайды. Енисейдің алабы, негізінен, таулы, көп жерін тайга, көп жылдық тоң алып жатыр
Егер сен Янцзыдан болмасаң, онда ешқайда болмағансың», - деген қытайлардың мәтелі бар. Янцзы өзені — Азия өзендерінің аса зоры және дүние жүзіндегі ең ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы – 6418 шақырым, бассейнінің ауданы – 1726 мың шақырым, орташа су шығыны 22 000 м3/с – қа тең. Янцзы Тибет тау қыратынан басталып, мұздықтардан шығатын көптеген салалардан құралады.
Амазонка – Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан әлемдегі ең ірі өзендердің бірі. Алабының ауданы - 7,2 млн. м², ұзындығы 6516 шақырымнан (Укаяли бастауынан есептегенде) асады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Амазонның салалары бір-бірінен тек мөлшерімен мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық тәртібі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады.
Ніл өзені – Жер шарындағы ең ұзын өзен. Ұзындығы Кагера саласымен қосып есептегенде – 6671 км-ге тең. Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ніл өзені Виктория және тағы да басқа көлдер арқылы ағып өтеді. Бірнеше салаларды қосып алып, жазыққа шыққан кезде Ақ Ніл деп аталады. Хартум қаласы маңында Көк Ніл өзенімен қосылып, Ніл деген ат алады. Ніл өзені дүние жүзіндегі ең үлкен шөл – Сахара шөлін кесіп ағып өтеді.
Қардан жасалған гүл
Анашым, ертегі айтып беріңізші?! Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын. Не үшін кештің батқанын күтуіміз керек? Білмеймін...ертегіні кешке тыңдаған жақсы сияқты. Жақсы. Онда келістік. Қызым күн батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, оттың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай кезде бала кездегі ата-анамның ортасында еш алаңсыз отыратын кездерім есіме түседі. Анашым, ал, ертегіңізді бастаңыз. Қызымның қызығушылыққа толы көзіне қарап, жымидым. Есіме әдемі ертегі түсті. Ертегіні жалғыз өзің ғана тыңдайсың ба? Барып, бауырларыңды шақырып кел. Қызым сүйінші сұрағандай жүгіріп кетті. Балаларым «ертегі, ертегі!» деп қуана айқайлап жүгірісіп келді. Айнала отыра қалып, менің аузымды бақты. Ертеде бір қыз болыпты. Ол өте арманшыл болған. Өз қиялында жасап алған үйде мекен етіп, қиялындағы кейіпкерлермен тілдеседі екен. Жер бетіндегі барлық нәрсені аппақ түс сияқты қабылдайтын-ды. Аппақ ақша бұлттар, аппақ қар сияқты барлық адамзат, жер беті тап-таза деп ойлайды. Бір күні қыз әкесі мен анасының бір-бірімен сөйлеспей жүргенін байқап қалыпты. Сірә, ренжісіп қалған-ау. Олар неге ренжіскен екен? Үлкендер кейде солай бір-біріне өкпелеп қалады. Бір-бірінен кешірім сұрай салмай ма?! Біз сөйтеміз ғой...содан кейін ойнап кетеміз. ... Содан, олар татуласып па? Кішкентай арманшыл қыз ата-анасын қалай татуластырсам екен деп, түнімен терезеден жапалақтап жауған қарға қарап ойланыпты. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіпті. Таңертең тұра салып, киімдерін киіп, далаға жүгіріп шығыпты. Дала аппақ қарға ораныпты. Тура өз қиялындағы ертегі патшалығы сияқты. Қыз қарды біраз тамашалап тұрыпты да, дереу жалаң қолдарымен қарды ала жөнеліпті. Анасы қызының бұл қылығына таң қалып, «Қызым-ау, жаурадың ғой. Үйге кірсеңші. Күн жылынған соң бірақ шығып ойна» деп бәйек болады. Қызы анасын естімеген сияқты қарды жентектей береді. Бір кезде қолындағы қарды ала сала әкесіне жүгіріп барады. Әке, әке, қараңызшы, мен қардан гүл жасадым. Өтінем, осы гүлді анама сыйлаңызшы. Қазір қыс, еш жерде гүл өспейді. Қызым-ау, мынау қар ғой... Бұл қар емес, қардан жасалған гүл...жүріңізші, анама сыйлаңызшы. Бұл ғажайып гүл... Қызы табандап тұрып алған соң, әкесі көңілін қимай жентектеліп гүл бейнесіне келтірген қарды алып үйге кіреді. Анама сыйлаңыз, - деп сыбырлайды қызы. Мынау саған...қардан жасалаған гүл...қызымыз жасапты... Әдемі екен... Анасы пештің жанында тұрған. Қолын созып аппақ қар гүлді алды. Жүзіне жылу жүгірді. Адамның қолы мен үйдегі жылу қар гүлді еріте бастады. Су тамшылай бастайды. Әке, әке, гүлді ұстаңыз. Әйтпесе ол қазір еріп құлап қалады. Міне мен де ұстаймын. Үш алақанға қонған аппақ қар гүлі тез ери бастады. Еріп-еріп жерге тамшылап жатты. Суыққа қызарған алақандар қалды. Қардың суық суы қыздың әкесі мен анасының ренішін жуып кеткен сияқты. Қыз қатты қуанып кетті. Айттым ғой, ол ғажайып гүл деп...ертегі осымен бітті. Бітті ме? Ата-анасы татуласып па? Иә. Жақсы болды ғой. Мен тәтеммен ренжісіп қалсам, сондай гүл сыйласам бола ма? Мен жымиып қана қойдым. Ес кіріп қалған қыздарым бір сәтке қиялдап кеткендері анық.