В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
отличник22878
отличник22878
10.08.2020 17:36 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Күні:
Білім алушының аты-жөні:
Сыныбы: 6 «»
Тыңдалым

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.

1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.
Қар, үсік, аяз, боран
Ақ киім, тамақ, үй
Адамдар, білім, еңбек
Зерттеу, адамдар, күш
[1]
2. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
Көктем мезгілі
Жаз мезгілі
Қыс мезгілі
Күз мезгілі
[1]
3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған
Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді
Қыс мезгілін суреттейді
Күз мезгілін суреттейді
[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
Сөздер:алмастырады, алады, оқытады, шайқалды/
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй.
[1]
5.Сұраққа жауап беріңіз.
Автор аязды қалай суреттейді?

[1]

Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Тұжырым Шын Жалған
А Саяхат кезінде беті - қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз
В Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген дұрыс
С Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алудың қажеті жоқ
[1]
2 - 3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
зиянды (антоним) - [1]
жиналған (синоним) - [1]
4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
Мәтіндегі ақпараттар Реті
Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана сатып алыңыз.
Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы.
Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз.
[1]
5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн?

[1]
Жазылым
Берілген жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
"Абайды оқы, таңырқа!"
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап,ауызша әңгіме құрастырыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер жүйесінің, оқиғалар желісінің болуын ескеріңіз. Баяндауда төмендегі байланыстырушы сөздерді қолданыңыз.
Байланыстырушы сөздер: Бірде, бір күні, сосын, содан соң, сөйтіп, сөйтсек... т.б.
1) «Естен кетпес саяхат» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Әңгіменің кейіпкері - екі дос.
2) «Жайлауда» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Кейіпкерлері: ата, әже, қаладан келген немересі.
[10]

Показать ответ
Ответ:
yana08042004
yana08042004
18.06.2021 02:00

1. А) и С) (там в одном номере два вопроса)

2. А дұрыс

В дұрыс емес

С дұрыс емес

3. Шайқалды

4. Көремеймін, ол келді

5. Салқын су

Объяснение: дальше не могу дать ответы, у меня сомой сейчас СОЧ

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота