В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
konulrzayevaa2
konulrzayevaa2
15.08.2022 01:44 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Күні: 28.12.2020 6-сынып

Аты-жөні:

Тыңдалым

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.

Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс, және қылқалам бар. Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

А) қызыл кітап, зерттеу, топырақ

В) отан, бала, қала

С) қызыл кітап, табиғат, қорғау

Д) зерттеу, адамдар, күш [1]

2.Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.

А) Еліміздегі ескерткіштерді қорғауға алу

В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу

С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу

Д) Еліміздегі жойылып бара жатқан жан-жануарларды қорғау [1]

3.Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

№ Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

1 «Қызыл кітап» деген атауды Питер Скотт ұсынды

2 Қазақстанда бұл кітап 6 басылымнан тұрады.

3 Ең алғашқы Қызыл кітап 1999 жылы жарық көрді.

[1]

4. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз. Қызыл кітаптың шығуының мақсаты не?

[1]

5.Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

Бұл адамзаттың табиғатты жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

/ түрлі түстен, қорғау үшін, Қызыл кітапқа/ [1]

Оқылым

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық -поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

1-2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Елорда (синоним) [1]

Оң жағалау (антоним) [1]

3.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

№ Мәтіндегі ақпарат Шын Жалған

1 «Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналаспаған.

2 «Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі.

3 Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

[1]

4-5. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.

А)Театр кімнің бастамасымен ашылды? [1]

Театр қайда орналасқан? В)[1]

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз. Мәтін 50-70 сөзден кем емес болуы керек.

1.Қуат көзін үнемдей білеміз бе? 2.Астана – мәдениет пен [10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем). [10]

Показать ответ
Ответ:
05Дарья50
05Дарья50
27.10.2020 22:00
Кәсіпкерлер — өз қорқынышы мен тәуекеліне негізделген, табысқа қол жеткізген адамдар айналадағыларға жиі көмектесуге тырысады. Олар өз қаласын, елді дамыту үшін көп нәрсе жасайды. Кәсіпкерлік көмек әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл, мысалы, демеушілік пен қайырымдылық.Егер мен ірі кәсіпкер болсам, онда туған қалаға көмек көрсетер едім. Қала көшелерін, су қоймаларын тазалау бағдарламаларына қатысып, оны жақсартуға ықпал еткен шығар. Шағын кәсіпкер осындай ауқымды жобаларға қабілетсіз, бірақ оқу және мәдени мекемелерге көмек көрсете алады. Бұл да лайықты және қажетті жұмыс.Кәсіпкерлер жиі спортқа қаражат салады. олардың арқасында жаңа стадиондар салынып, ескі стадиондар жөнделуде. Олар түрлі жарыстар ұйымдастырады. Әр ірі спортшының, футбол, хоккей, баскетбол, волейбол командаларының демеушілері бар. Мүмкін, Мен дәл спортқа қаржылай көмек көрсетемін.

Объяснение:

Болама?
0,0(0 оценок)
Ответ:
losangelina23
losangelina23
18.06.2021 23:16

Вашингтоннан жолдаған мақала­лары­мызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропа мен Америка Құрама Штаттарына жасаған сапары сәтті бастал­ғандығын, Америка төрінде Елбасымызға үлкен құрмет көрсетілгендігін, ядролық қауіп­сіздік жөніндегі жаһандық саммитте Елбасы сөзі үлкен ықыласпен тыңдалып, қолдауға ие болғандығын хабарлаған едік. Ал бүгін Мемлекет басшысының сапары табыспен қорытындыланды деп айта аламыз. Иә, еліміздің Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев шет­елдік осы сапардан үлкен абырой­мен оралды. Халықаралық арена­дағы Қазақстан беделін асқақ­татып қайтты. Егер Қазақстанның тәуел­сіздік алғаннан бері көп қырлы бей­бітсүйгіш сыртқы сая­саты тұр­ғысынан әңгіме қоз­ғай­тын болсақ, ата-бабамыздың сан ғасырлық аңсаған арманындай кө­гілдір түске бөленген көк байра­ғымыз Сол­түс­тік жарты шардың алып мемле­кет­теріне желкілдеп барып, желбіреп қайтты деп жас­қан­бай айтуға болады. Жаһандық қауіпсіздік мәсе­ле­сін­е арналған саммиттің бірінші сессиясында Елбасына алғаш­қы­лар қатарында сөз берген тұста АҚШ Президенті Барак Обама­ның өзі Қазақ­станды ядролық қарусыздану жөніндегі әлемдегі көш­басшы ел деп атап, Елбасы­ның осы сала­дағы және мемлекет басқарудағы қыз­ме­тін жоғары ғимараттарын

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота