В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vvasilchenkosn
vvasilchenkosn
21.01.2022 23:22 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілінен 4 тоқсанға арналған жиынтық бағалау 1-тапсырма: Мәтінді мұқият оқы. Мәтінде төменде берілген
суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз.
Құс жолы
Айлы түннің бұлтсыз аспанында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан
солақ көрініп тұрады. Ол Құс жолы деп аталады. Отан Күн жүйесі және тағы
осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді.
Құс жолы - әлемдегі миллиондаған галактосвардън біреуі. «Галактика» сөзі
еселгі мысырлық тала «сүт» деген сөзден шыққан. Бу галактика «Сүт жолы»
немесе «Құс жолы» ретінде әйгілі.
Құс жолы галактикасы 200 миллиардқа жуық асұлпыз, жұлдыздар шоғыры, газ
бен тозаң тұмандықтарынан кұрал ан Олар әртүрлі бальпта өте жылдам коз алады.
Алайда кеңістікте жұлдыздар бір бірінен алшақ орналасқан. Сонаьастан да олар бір-
бірімен ешкаш ан соқтығыстайды,
Құс жолы әртүрлі болып көрінеді. Стиральді галактиканың екі женіне
караганда ядросында жұлдыздар тығыз орналасқан жер ғаламш ары Құс жолының
жеңдерінің бірінде, галактиканың шетіне карай орналасқан.
Құс жолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде
және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.​

Показать ответ
Ответ:
latiff
latiff
14.04.2021 22:12

Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады.

Театр туралы мәлімет Өңдеу

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал, «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр» дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.

Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. «Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады» дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.

«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, ба з залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
jgjgjgjh
jgjgjgjh
12.10.2020 23:35

Жеті саны.

Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.

Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.

7 жетекші.

1. Адамның басшысы ақыл.

2. Жетекшiсi талап.

3. Жолаушысы ой.

4. Жолдасы кәсiп.

5. Қорғаны сабыр.

6. Қорғаушысы мiнез.

7. Сынаушысы халық.

Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.

7-күн

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Ауыр күн.

6. Азына күн.

7. Соңғы күн.

7 ғалам.

1. Күншығыс

2. Күнбатыс.

3. Түстік.

4. Терістік.

5. Аспан жоғарғы ғалам.

6. Жер ортаңғы ғалам

7. Жер асты төменгі ғалам.

7 амал.

1. Күннiң тоқыраүы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердiң батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киiктiң матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.

1. Дубхе (Ерік)

2. Мерак Жігер)

3. Фекда (Қайрат)

4. Мегрец (Қуат)

5. Алиот (Ырық)

6. Мицар (Құдірет)

7. Алькаид (Дес)

Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота