В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
sofiyabashkaiki
sofiyabashkaiki
31.01.2023 04:57 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілінен «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» , «Су – тіршілік көзі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау жұмысы 1- Мәтін
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.

1-тапсырма.
Мәтін мазмұнына қатысты 1 сұрақ құрастыру. ( )

2-тапсырма Сұрақтарға дұрыс жауап беру
 «Ұлы Жібек жолы» деген атауды кім берді? ( )
 Қазақстан жерінде қандай қалалар бой көтерді? ( )
 «Ұлы Жібек жолының» үшінші «бұлғын жолымен» нелер тасылған? ( )
2-мәтін
Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Екі жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:
– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, - дейді.
Толағай:
– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.
3-тапсырма
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
( )
4 - тапсырма
Мәтіндегі уақыт атауларын сан есімдермен жазып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз. /Найти имена числительные и преоброзовать в порядковые/ ( )
5-тапсырма
Бір тақырыпты таңдап, мәтін құрастырып жазыңыз ( )
 «Судың адам өміріндегі маңызы»
 «Ежелгі көшпелілер мәдениеті»
Дескриптор:
тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін жазады; 1
тыныс белгісін дұрыс қояды; 1
орфографиялық нормаға сай жазады. 1
мәтінде сан есім,есімдіктерді қолданады 1

Барлығы

Показать ответ
Ответ:
zhadanovayuliy
zhadanovayuliy
26.02.2023 16:20
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Настя2017465
Настя2017465
29.05.2022 22:49
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. үгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай а ғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота