«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді тыңда.
Көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысы
болып ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық «көктем хабаршысы» деп атайды. Содан кейін
бозторғайлар мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жер
беті жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді.
Жыл құстары жол бойы талай қиындықтардан өтіп, топ-тобымен туған жерлеріне
оралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар жыл құстарын қуана қарсы алады.
Мәтінге сүйеніп, «Құстарға қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ұя, жем
шашу, қуаныш.
Әлемге дәмі тіл үйірер портымен танымал Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар.