В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
LinaDanilinovskaya
LinaDanilinovskaya
20.03.2023 00:08 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі пәні бойынша 5 сыныпқа арналған тест тапсырмасы 1. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) жуан, жіңішке
Ә) еріндік, езулік
Б) ашық, қысаң
В) ұяң, үнді
Г) дауысты, дауыссыз.
2. Қай дауысты дыбыс жіңішке, ашық, езулік:
А) Ұ
Ә) Ү
Б) І
В) Ө
Г) Ә
3. Қазақ тіліне тән жіңішке дауыстыларды тап:
А) і, е, ү, ұ, о
Ә) һ, ы, і, е, ұ
Б) ә, я, ю, ғ, ө
В) ә, і, ү, е, ө
Г) а, ә, ұ, ү, ө
4. Еріндік дауыстыларды тап:
А) Ы, І, И, Ә
Ә) А, О, Ы, У
Б) А, Ә, Е, И
В) Ұ, Ү, О, Ө
Г) У, О, А, Е
5. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді тап:
А) бағалы
Ә) орман
Б) дастархан
В) нәзік
Г) қымыз
6. Қысаң дауыстылардан жасалған сөздерді тап:
А) ыдыс, құс, тиін
Ә) сағат, ел, әңгіме
Б) отан, өрмекші, ұл
В) әріп, жер, әдебиет
Г) іні, гүл, арман
7. Еріннің қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді?
А) жуан, жіңішке
Ә) ашық, қысаң
Б) еріндік, езулік
В) қатаң, ұяң, үнді
Г) дауысты, дауыссыз
8. Буынның түрлерін анықта:
А) тұйық, жуан, буын
Ә) ашық, тұйық, бітеу
Б) жіңішке, жуан, езулік
В) жалаң, еріндік, қысаң
Г) ашық, бітеу, қысаң
9. Дұрыс буынға бөлінген сөзді көрсет:
А) дос - тас - у, кө - мек - тес - у, от - ын
Ә) ә - же - ме, дә - рі - гер, о - қы - ту
Б) ор - ман, қы - зық - ты, от - бас - ы
В) о - тан, әң - гі - ме, там - а - ша
Г) а - ға, па - рта, мек - теп
10. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын:
А) ашық
Ә) бітеу
Б) тұйық
В) жалаң
Г) қатаң
11. Ашық буыннан құралған сөзді тап:
А) анашым
Ә) бақытты
Б) бағала
В) балалық
Г) ұн
12. Буын түрін анықта: «дауыссыз+ дауысты+ дауыссыз»
А) ашық буын
Ә) тұйық буын
Б) жалаң буын
В) бітеу буын
Г) қысаң
13. Төрт буынды сөзді тап:
А) арман
Ә) жақсылық
Б) жолдастықты
В) көңілді
Г) желтоқсан
15. Жуан буынды сөзді тап:
А) кітапхана
Ә) қоңырау
Б) әуежай
В) кірпі
Г) көмектесу
16. Тасымалдауға (перенос) болмайтын сөздерді тап:
А) ата, бұлт, тұр
Ә) аспан, жапырақ, әнші
Б) өзенге, жұлдыз, әдемі
В) ана, әже, үйшік
17. Мақалды аяқта: Өнер алды қызыл...
А) от
Ә) тілек
Б) көйлек
В) тіл
Г) сөз
18. Мақал не туралы? Мектеп - кеме, білім - теңіз
А) оқу - білім
Ә) денсаулық
Б) еңбек
В) табиғат
Г) байлық
19. Жыл мезгілдерін тап:
А) ақпан, мамыр, маусым, қараша
Ә) қыс, көктем, жаз, күз
Б) сейсенбі, сенбі, жексенбі, жұма
В) қыркүйек, қазан, дүйсенбі, жаз
Г) қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан
20. «Дәстүр» сөзінің аудармасын тап:
А) дружный
Ә) наставник
Б) традиция
В) древни
Г) время года
21. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой: Отбасымызда жақсы... көп.
А) құрмет көрсету
Ә) дәстүрлер
Б) қонақты қарсы алу
В) тату
Г) мерекелік
22. Отбасы мүшелерінің атауларын тап:
А) апа, іні, сіңлі, нағашы
Ә) ана, аға, туыс, көрші
Б) туысқан, бөле, немере, ауылдас
В) ағайын, құда, жиен, жерлес
Г) құдаша, жеңге, көке, көрші
23. Сөйлемді аяқта: Біздің үй қаланың орталығында...
А) өмір сүреді
Ә) орналасқан
Б) жүр
В) бар
Г) отырады​

Показать ответ
Ответ:
Dimoooon12321
Dimoooon12321
03.06.2022 19:46
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. «Уақыт - емші», «уақыт - төреші» деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған. Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл» деген сөз содан қалса керек.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/oz-uakytymyzdy-utymdy-paydalana-bilemiz-be_a2802835
0,0(0 оценок)
Ответ:
мишаиванво
мишаиванво
21.05.2020 15:22
Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт-берекең — атаң қымбат, Аймалайтын — анаң қымбат, Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би). Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді. Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды. Отан елдің анасы, Ел ердің анасы. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. Отан от басынан басталады. Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. Отансыздың оты жанбайды. Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес. Отан үшін отқа түс — күймейсің, Арың үшін алыссаң — өлмейсің. Отанын сатқан оңбас. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. Отаның тыныш — сен тыныш.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/makal/780-otan.html
© www.ZHARAR.com
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота