В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ангел709
ангел709
26.02.2021 17:37 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология
Тапсырма
Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
А мәтіні
А ң достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі а ң тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы а ң бір–біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.

Ә мәтіні
Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның үлкен ұлы. Мұндай оқиғаның болғандығын тарих растайды. Осыдан үш күн бұрын Шыңғыстың сүйікті ұлы, Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол құлан аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша, бұлар бір үйір құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан оны шайнап өлтіреді. Ақыры, күн ұясына қонар шақта, ханның мүрдесі табылады. Ажалы аңнан келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның аузына балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, а туралы шындықты айтуға қорқады. Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады. Жырау өзі сөйлемей, домбырасын сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып жатқан Кетбұғы емес сияқты, домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұғы жырауды жазалауға шешім қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын естірткен мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құяды.Осылайша беткі жағына кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Ата-бабаларымыздан қалған аңыз осылай толғайды. Найманнан шыққан ұлы жырау Кетбұғы қаһарлы Шыңғысқа, сүйікті ұлы Жошының өлімін осылай естіртіпті деседі.Осылайша «Ақсақ құлан» күйі халықты ханның қаһарынан қорғап қалған екен.

А мәтіні
Ә мәтіні
Мәтіндерде не туралы айтылған?

Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)

Мәтіндердің ұқсас тұстары бар ма?

Мәтіндердің айырмашылығы неде?

Жазылым
1. Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, дискуссивті эссе жазыңыз.

1) "Ұлтымыздың ұлы аспабы- домбыра" деген пікірге қандай ой қосар едіңіз? Ойыңызды жинақтап, эссе жазыңыз.
2) «Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
loloshka566
loloshka566
08.04.2022 23:54

Сөйлем Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт тарабын түгел кезді . Толқындар жабуды бүлк - бүлк көтеріп , суға батырмайды .Ажалдан не ? ажал - зат есім . ажалдан - туынды 3.е. , дара 3.е. , дерексіз з.е. , жалпы есім . , дан - шығыс септігінің жалғауы . қашқан не істеген ? етiстiк . негiзгi түбір етістік , дара етістік , салт етістік , болымды етістік . бұрынғы өткен шақ Қорқыт - кім ? зат есім . негізгі з.е. , дара з.е. , деркті з.е. , жалқы з.е. , дүниенің не ? дүние . зат есім . дүниенің -- туынды з.е. , дара з.е. , дерексіз з.е. , жалпы есім . , нің - ілік септігінің жалғауы төрт - неше ? сан есім . төрт -- дара с.е. , негiзгi c.е. , есптiк с.е. , тарабын не ? тарап - зат есім . туынды з.е. , дара 3.е. , дерексіз з.е. , жалпы есім . ( бұған сенімді емеспін түгел-- жалпылау есемдігі.кезді --- не істеді ? етістік түбірі кез , ді табыс септік жалғауы . туынды түбір етістік , дара етістік , сабақты етістік , болымды етістік жедел өткен шақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kotik53Tv
kotik53Tv
15.06.2022 11:59

Ғаламдық экологиялық  мәселелерді жою менің ойымша оңайға соқпайды.  Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табыладығой. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайтындықтан. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді. Ал адамзаттың жаһандық мәседелері-ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық  мәселелер туып отырады (ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.). Бұл мәлметтердің барлығы адамды уайымдатпай қоймайды себебі бұл өзімізбен тікелей байланысты. Ол мәселелерді жлю үшін ең алдымен өзімізден сосын жақындарымыздан бастайық. Таза жүрейік,қоқыстарды кез келген жерге тастамайық, әрбір іске жауапкершілік танытайық,ысырапшыл болмайық, өзгелерден көмегімізді аямайық. Біздің сонда ғана болашағымыз жарқын болады. Сонда ғана бұл мәселелер жоюылады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота