В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
novkov641800
novkov641800
14.08.2022 04:41 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Сүйіспеншілік пен достық. Морфология

Оқылым

Тапсырма
1. Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз.
А мәтіні

[8]

БАҚ-ДӘУЛЕТ – БІРЛІКТЕ

Қазақстандағы ұлттар достығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі
менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-
туыстарындай көреді. Диаспоралар қазақтың бөлінбейтін қауым-тайпасына ежелден
айналып кеткендей. Жер шарындағы негрден басқа барлық ұлт Қазақстанда жасап, өмір
сүріп жатыр. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай, жауласпай
өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені, халықтар достығы
біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-жанжалды және
Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде
мамыражай бейне тыныштықтағы Қазақстан жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық
қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді.
Сондықтан, біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан
көпұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген
болатын. Ал, керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап ең бейбіт ел
деген атаққа ие болды. Кеңестік дәуірден басталған, интернационалдық тәрбие мен идея
қазір жаңаша жаңғырып, «Қазақстан ұлттар лабораториясы» бұл күнде, тіпті, өзгеше бір
ұлттар достығының «брендіне» айналды десем қателеспеймін. Мен өзім тәрбие
мекемесінде еңбек еткендіктен ұлттар достығы тәрбиесіне қатты көңіл бөлемін.
Басшылық жасайтын колледжімде біраз ұлт өкілдері қызмет етеді. Диаспоралардың да
балалары бар.
Ә мәтіні
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл
деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің
тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай,
ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта,
сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни
және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.
Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы
1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен
ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру
жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27
республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды.
Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің
мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы
жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

А мәтіні Ә мәтіні

Мәтіндер не туралы?

Мәтіндердің құрылымдық бөліктерге ажыратып, тақырып ұсыныңыз.

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

2. Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
А мәтіні Сұрақтар:
1)
2)
Ә мәтіні Сұрақтар:
1)
2)

Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлы және стильдік ерекшеліктерін сай
әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер арасындағы диалогтің болуын
ескеріңіз, онда одағай сөздерді қолданыңыз. 70-80 сөз

[7]
1) Бүгінгі таңда телефонға тәуелділік үлкен дертке айналды. Еңбектеген сәбиден
еңгейген қартқа дейін телефонға шұқшиып отырғанын көріп жүрміз. Осындай
күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Біз әлеуметтік желіге неге
тәуелдіміз?» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
2) Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар –
өзіміз, біздің жақындарымыз. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік
өзгеріске ұшырғана тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой
салатын әңгіме құрастырыңыз.
3) Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық туралы
ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.

Показать ответ
Ответ:
natalyazaprudsozxkk3
natalyazaprudsozxkk3
02.05.2021 18:40
Сырдария — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Әмудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
denisovch
denisovch
03.01.2023 03:47

Күшімен - түбірі - күш,  - і - тәуелдік жалғаудың 3 жағы, - мен- көмектес септік;

Ғаламтор - түбірі - ғалам, - тор - сөз тудырушы жұрнақ;

ғылымдардың - түбірі - ғылым,  - дар - көптік жалғау,  - дың - ілік септік;

есебінше - түбірі - есеп, -і- тәуелдік жалғаудың 3 жағы, -н - табыс септік, - ше - үстеу жұрнағы;

ғасырдың- түбірі - ғасыр, - дың - ілік септік;

жарияланған - түбірі - жария, - лан - сөз тудырушы жұрнақ, - ған - есімше;

жүздеген - түбірі - жүз, - деген - болжалдық сан есім;

жатыр - түбірі - жат, - ыр- өзгелік етіс;

қағылды- түбірі - қақ, - ыл - сөз тудырушы жұрнақ, - ды - жедел өткен шақ

желісінде - түбірі - желі, - сі- тәуелдік жалғаудың 3 жағы, - н- табыс септік, - де- жатыс септік;

берушілер - түбірі - бер, - у - тұйық етістік, - ші - сөз тудырушы жұрнақ, - лер - көптік жалғау;

хабарлайды - түбірі - хабар, - ла - сөз тудырушы жұрнақ, - й - көсемше, - ды - жедел өткен шақ;

дамытудың - түбірі - дамыт,  - у - тұйық етістік, - дың- ілік септік;

үйлестіру - түбірі - үй, - лес- сөз тудырушы жұрнақ,  - тір- өзгелік етіс, - у- тұйық етістік;

орталығы - түбірі - орта, - лық - сөз тудырушы жұрнақ, - ы - тәуелдік жалғаудың 3 жағы;

құрылған - түбірі - құр, - ыл - сөз тудырушы жұрнақ,  - ған - есімше;

негізделген - түбірі - негіз, - дел - сөз тудырушы жұрнақ,  - ген - есімше;

таныстырғалы- түбірі - таныс,  - тыр - өзгелік етіс,  - ғалы - көсемше;

көшпелік - түбірі - көш, - пе- болымсыз етістік, - лік - сөз тудырушы жұрнақ;

жинақталған - түбірі - жина,  - қ - сөз тудырушы жұрнақ, - тал -  сөз тудырушы жұрнақ, - ған - есімше;

жетілдіру - түбірі - жет, - іл - сөз тудырушы жұрнақ, - дір - өзгелік етіс, - у- тұйық етістік  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота