«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде)
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді тында.
Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілінде ауа
райы жылынып, табиғат толығымен оянады.
Көктемде адамдар бау-бақшасына түрлі жеміс ағаштарын, гүлдер, көкөністер
егеді. Оларға су құяды, топырағын қопсытады. Арам шөптерден тазартады. Бұл
өсімдіктердің бәрі су және күн нұрымен өседі. Ал дихандар егіс даласына бидай,
күріш, тары, арпа секілді дәнді дақылдар егеді. Оларды өсіріп жетілдіру үшін
дихандың еңбегі мол.
Көктемде біз де ата-анамызға бақша жұмыстарына көмектесеміз.
Мәтінге сүйеніп, «Көктемдегі еңбек» тақырыбында әнгіме құрастырып айт.
Берілген тірек сөздерді пайдалан.
Тірек сөздер: көктем, ауа райы, бау-бақшаға, су құяды, қопсытады, егіс даласы, дәндә
дақылдар, еңбегі, ата-анаға көмек.
[5]