«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІНЕН 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
ТАПСЫРМАЛАРЫ
ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ. МОРФОЛОГИЯ
ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКА. ПУНКТУАЦИЯ
ОҚЫЛЫМ
Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер
бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске
түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радио-телехабарлар, кинолар
аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам
уақыт өтсе де, еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, қайғы-қасіретке
толы қаралы сөз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан
соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз
қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік
құру еді. Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді
өздеріне қаратпақ болған. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған
фашистер жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61
мемлекет жан-жақтан атсалысты.
РҚошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы
Ә.Молдағұлова М.Маметова Т.Бигелдинов М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың
ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге
жеттік. Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде, тіпті, есімдеріне
байланысты көшелер, кітап-жинақтары, ауыл атаулары берілді. Батырларымыз
болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті.
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Проблемалық сұрақтарға оқыған мәтіннен деректер келтіре отырып,
дәлелді жауап беріңіз.
Сұрақ:
1. Неліктен а зұлмат күш «соғысты» өз қолымен жасауға құштар?
[3]
2 Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
Сұра
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.