Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.
3-билет
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.
Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.
Журналист болу — бала күнгі арманым. Әрқашан теледидардан сөздің майын тамызып, нағыз қазақы мінез, бітім-болмыс көрсететін журналистерді көрге-німде, құмарлығым одан әрі артатын. Журналистика саласы — ең қызығы мен шыжығы көп, қызған өмір ортасы. Алғашқы болып бәрін естіп, көріп, елге жеткізу — басты талап. Ал алғашқы болу, бірінші болу — менің қағидам. Әр күн сайын, минут сайын өз бойыма журналистика маманының сәл де болса бөлігін қосып, игерудемін. Адам армандары арқылы асқар шыңдарды бағындырады. Менің ойымша, армансыз адам аяқ-қолсыз мүгедекпен тең. Қазағымның үні, салт-дәстүрі, бітім-болмысы — барлығы да осы журналис-тика саласында. Мен журналист болу арқылы санама қазақылық сіңіріп, елімнің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, қуанышын көкке жеткіземін. Алаш алыптарының ізін жалғап, елімді еңселі етемін. Өзіме ақиық ақын Мұқағали жырын ұран қыламын. Мына өмірде жүргеніңде, Бойыңда ыстық қан барда, Болмысты да, болмасты да Болады деп арманда. Бықсып жанған қоламта емес, Артымызда шоқ қалсын. Болашақтың ошағында Біз тұтатқан от жансын. Ей, болашақ, Ей, болашақ, Ошағыңда біз тұтатқан от жансын!
1-билет
Дауыссыздар 3 ке жіктеледі:қатаң, ұяң, үнді
Дауыстылар тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішке.
Жақтың қатысына қарай:ашық, қысаң.
Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік, езулік.
Фонетикалық талдау:
Хабар- 5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты
Х-д-сыз, қатаң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Б-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Р-д-сыз, үнді
Жаңалық- 7 әріп, 7 дыбыс, 4 дауыссыз, 3 дауысты
Ж-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Ң-д-сыз, үнді
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Л-д-сыз, үнді
Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік
Қ-д-сыз, қатаң
2-билет
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.
3-билет
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.
Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.
Мына өмірде жүргеніңде,
Бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да
Болады деп арманда.
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ошағында
Біз тұтатқан от жансын.
Ей, болашақ,
Ей, болашақ,
Ошағыңда біз тұтатқан от жансын!