В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Evgenevgenevgen
Evgenevgenevgen
06.10.2022 21:08 •  Қазақ тiлi

Қазақта «Табиғат-ана» деген ұғым бар. Бұл сөз «адам табиғат аясында өмір сүреді» деген ді білдіреді. Табиғат байлығы тұрғындардың жаксы, жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Адам өз әрекеті арқылы табиғатқа әсер етеді Адамның кейбір әрекеті табиғатқа зиян кел тіреді. Оны барлык адам сезіне бермейді Сондықтан бірқатар елдерде «Жасыл эконо мика» саясаты жүргізіледі. Hane ула​

Показать ответ
Ответ:
оспшро
оспшро
02.09.2021 15:07

Ғылыми жобалар мен зерттеулер

1-бағыт

«Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде» қолданбалы зерттеулер бағдарламасы аясында «Қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары мен перспективалары» тақырыбы – 2006-2009 жж.

Жобаның жетекшісі – с.ғ.д., профессор Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы

Жұмыстың нысаны қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары болып табылады.

Жұмыстың мақсаты қазіргі заманғы Қазақстанның негізгі ұлттық идеясын қалыптастыруда және тұрақты даму жағдайында қоғамдық-гуманитарлық және рухани-танымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды саналатын отандық ғылым жетістіктері мен жетекші ғылыми мектептердің даму тенденцияларын және әлемдік ғылым дамуын сараптау, ғылымның приоритеттері жайлы кепілдемелер дайындау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандық маңызды ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді насихаттау.

Зерттеу барысында Қазақстанның ғылыми жетістіктері, жетекші ғылыми мектептердің қызметтері, еліміздің даму тенденциялары мен приоритеттері бойынша сараптамалық және практикалық материалдар сарапталып, зерттеу нысаны негізделді.

2008 ж. 14-мамырда «Қазақстанның ұлттық идеясы және БАҚ: келешек приоритеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конферениця өтті. Пленарлық мәжілісте www.gylymkaz.kz веб-сайтының көрсетілімі өтті.

Отандық ғалымдардың мақалалары туралы электронды мәліметтер базасының бірінші кезеңі дайындалды (Access программасында, 2001-2007 жж. аралығы). Қазақстандық ғылыми зерттеулер мен өңдеулер туралы жариялап отыратын бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық каталогының алғашқы кезеңі дайындалды. «Хабар» телеарнасында қазақстандық ғылыми зерттеулер нәтижелері туралы 3 тележурнал циклі түсірілді. Республикалық «Жас қазақ» газетінде «Ұлтық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» циклімен мақалалар жариялана бастады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінің практикалық маңызы. Ғылыми зерттеулер жайында нақты және сенімді ақпараттар дерегінен тұратын мәліметтер базасы Қазақстан ғылымы жайында мәліметтер іздестірудің тиімді құралы саналады. Қазақстандағы ғылыми ақпараттарды іздестіру жолдарын жеңілдету мақсатында сайт барлық ғылым бағыттарын қамтиды әрі ғылыми өңдеулерді өндіріске енгізуді көздеген инвесторлар үшін қажетті де маңызды болып саналады.

Зерттеу нәтижелері ҚР мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік, ғылыми-инновациялық ақпарат, журналистика, ғылым тарихы, саясаттану және т.б. салаларда пайдалануға болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
buster43
buster43
30.01.2021 22:29
ДАЛА СҰҢҚАРЫ ҚИЫРҒА ҚАРАЙДЫ

Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылмық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды. Тапқыр, ықшамды Шоқан балалардың ішіндегі ең жатық, шебер ойнайтыны болып алды. Ойын үстіндегі айтыс-тартыс сөздер Шоқанның тілін бұрынғысынан әлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып, Ертіс үстінен қызыл су жүріп, жаз лебі есті. Неге екені мәлімсіз, Шоқан бұл жексенбіде Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйіне бармай, Ертіс бойына баруды ойлады.

Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан, дегенмен қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып кеп отырады. Бүтін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.

Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киімінен жеңілдеп өзен бойына шыққан. Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезі. Екіншісі, күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі. Әсіресе сең жүрген кез, көктем лебімен мұнартқан дала сәулетін көтеріп, аса көңілді болады.

Кеше кешкілікте «ертең сең жүреді» деген елдің лақап сөзін естіген Шоқан түнімен елегізіп аз ұйықтаған.

Шоқанның әрдайым келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік мұрыншақ жарының үсті. Тағы да сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспан атқан сағаты. Қыстай бетін басып шегендеген темірдей мұзды быт-шытын шығарып, асау ағын көтеріп, әлдеқайда әкетіп барады.

Уақыты жетіп заман жылуы келгенде, қандай күш болсын, осы өзен мұзындай қопарылады. Ағынға түсіп жылжып жөнеледі.

Күтірлеп сынған қалың мұздар бірін бірі қаға жылжып, бірі шетке қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып жатыр. Шапан жамылып, шәлісін төгілткен татар ханымдары, асыл киініп алқына басқан қала нәндерінің бәйбішелері ішін тартып, таңданып, өзен ғажайыбына үңіледі. Су бұрынғысынан әлдеқайда көтеріліп, жардың ернеуіне шыпылдап келіп, қалаға лап қоярдай лепіріп жатыр.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота