Қазақта «Табиғат -ана» деген ұғым бар. Бұл сөз «адам табиғат аясында өмір сүреді» дегенді білдіреді. Табиғат байлығы тұрғындардың жақсы, жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Адам өз әрекеті арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның кейбір әрекеті табиғатқа зиян келтіреді. Оны барлық адам сезіне бермейді. Сондықтан бірқатар елдерде «Жасыл экономика» саясаты жүргізіледі. 1. Мәтіндегі есімдік түрлерін ажырат (6 есімдік)
2. Осы есімдіктермен алты жай сөйлем құрастыр
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ?
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ?
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді?
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.