Қазақтың біде –бір отырысы ән - күйсіз өтпеген. Ауылдан ауылға ән айтып , күй тартып жүрген жыршы, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтеретін . Ақын – әншілердің өнері халық арасында жоғары бағаланды. Ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз-әңгіме айналып, ауыздан -ауызға тарап, бүгінгі ұрпаққа жеткен.
Қазақтың ән өнері – халқымыздың асыл қазынасы. Ән- халық сүйіп айтатын, тыңдайтын санғасырлық тарихы бар музыкасы. Қазақ халқында ән – күй туралы туралы көптеген мақал – мәтел, аңыз, жырлар бар.
2- тапсырма. Мәтіндегі өткен шақтағы етістіктердің түрін анықта.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;
Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;
Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;
Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.