Қажеттілік 1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (11-аудио). Не туралы айтылған? Ср
баттасыңдар.
Электр қуатын көп тұтыну - оны өндіруге жұмсалатын шикізат
кездерін көп пайдалануға ғана емес, жаһандық экологияға да залах
келтіруде. Сондықтан адамзат болашағы үшін алаңдайтын әрбір
азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдеуі керек. Yялы
телефон, ноутбук секілді құрылғылардың қуаттағышын токтан
ыли асыратып отырған дұрыс. Өйткені ток көзіне қосылып тұрған
кұрылғы энергия тұтынады. Бірер күнге басқа жаққа кетерде шамды
өшіріп қана қоймай, ток көзінен теледидар, музыкалық орталық
DVD ойнатқыштарды да суырып кеткен жөн. Олар токқа қосылып
тұрса, аз да болсын энергия шығындап отырады. Қуат көзін керек
2
Менің арманымдағы үй.
Менің арманымдағы үй қандай болу керек? деген сұраққа жауап берер болсам, мен көп қабатты үй емес, жер үйде тұрғанды армандаймын. Себебі, ауласы кең, далаға қашан шыққың келсе, өз еркіңде, онымен қоса, жер үйде көкөніс пен жеміс – жидектер өсіріп, піскен кезде еңбегіңнің жемісін көресің. Оған қоса, мен көп бөлмелі, екі қабаттан тұратын үйде тұрғанды қалаймын. Екі қабатты болғандықтан, әрбір қабатта кем дегенде бір жуынатын бөлме мен дәретхана болғанын қалар едім, отбасымыз үлкен болғандықтан, бұл өте қолайлы болушы еді, әсіресе, таңғы уақытта барлығымыз сабақ пен жұмысқа дайындалған кезде. Әрине, үйдің іші соңғы жөндеуден өткізіліп, тұрмысқа қажетті жаңа жиһаз бен ас үйге қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі технканың дамыған заманында осынау заманауи құралдар адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар, ең маңызды құндылық – бос уақытты көбейтеді. Сонымен менің арманымдағы үй толығымен жабдықталды делік, енді аулада балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы болса, менде басқа арман болмаушы еді. Сабақтан келіп, үй тапсырмасын орындап, аулада армансыз ойнаушы едім. Ал демалыс күндері отбасыма көмектесіп, бақшада жұмыс жасаушы едім.
Ал сіздің арманыңыздағы үй қандай?