Жарнама не туралы екенін анықта. Құрметті, қазақстандықтар! Жазғы демалыстарыңызды қайда өткізу керектігі туралы жоспар құрдыңыздар ма? Егер әлі таңдау жасамаған болсаңыздар біздің жарнамамызға құлақ түріңіздер! Каспий теңізінің жағалауына жайғасқан «Дария» демалыс кешені отбасылық демалысты мазмұнды өткізуге көмектеседі. Балаларға теңізшілер өмірі мен теңіз жануарларын таныстыру, толқынмен жарысып, серфинг тебуді үйрету, теңіз суын зерттеу, шипалы бұлақтардың суымен, тұзды сулармен емделу сынды, т.б. қызмет түрлерін ұсынады. Теңіз жағасында қаңқылдаған дала қазын, шағаланы көре аласыздар. Айдынды бауырлай ұшқан шағалаларды көріп қана қоймай, жем шашып қызықтай аласыздар. Көп кешікпей телефон құлағын бұраңыздар, Каспий теңізіне жолдама алыңыздар! Байланыс телефон: 87019996363 [email protected] Каспий теңізінің картасын жасау Каспий теңізіне саяхат ұйымдастыру Каспий теңізін тазарту Каспи теңізінің маңайын зерттеу
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.
Құрметті, қазақстандықтар!
Жазғы демалыстарыңызды қайда өткізу керектігі туралы жоспар құрдыңыздар ма? Егер әлі
таңдау жасамаған болсаңыздар біздің жарнамамызға құлақ түріңіздер! Каспий теңізінің
жағалауына жайғасқан «Дария» демалыс кешені отбасылық демалысты мазмұнды өткізуге
көмектеседі. Балаларға теңізшілер өмірі мен теңіз жануарларын таныстыру, толқынмен
жарысып, серфинг тебуді үйрету, теңіз суын зерттеу, шипалы бұлақтардың суымен, тұзды
сулармен емделу сынды, т.б. қызмет түрлерін ұсынады. Теңіз жағасында қаңқылдаған дала
қазын, шағаланы көре аласыздар. Айдынды бауырлай ұшқан шағалаларды көріп қана қоймай,
жем шашып қызықтай аласыздар. Көп кешікпей телефон құлағын бұраңыздар, Каспий теңізіне
жолдама алыңыздар!
Байланыс телефон: 87019996363
[email protected]
Каспий теңізінің картасын жасау
Каспий теңізіне саяхат ұйымдастыру
Каспий теңізін тазарту
Каспи теңізінің маңайын зерттеу