Бүгін сенің туған күнің. Шын мәнінде, елдікті сезінген адамға нағыз қуаныш. Сарыарқаның сайын төсінен ойып тұрып орын алған, көкке мойын созған зәулім үйлерімен көрген жұртты тамсандырған Елордам менің! «Астана күні, деген ат алып, айдар тағылған бүгінгі той сенің енің, се- нің тойын, қазақ баласы. Мемлекет орталығы Қазақстанның дәл ортасына орна- ласты. Көк байрақ Арқа жерінде желбіреді. Түгін тартса майы шығатын қазақтың шұрайлы жері түбі бір атақонысқа айналуы керек еді. Қазақтың уайымы онсыз да аз емес-тұғын. Соның үлкені туырлықтай болса да, туған топырақтан айырылмаудың қамы болатын. Жердің тұтастығы – елдің тұтастығы. Қазақтың еркіндігі үшін күрескен Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сырым Датұлы, Исатай, Махамбет сынды батыр- лар армандаған тәуелсіздікке қол жетті. Қазақ жерінде кешегі Алаш идеялары жүзеге асты. Алаш- орда мүшелері алғашқы Ақпан революциясына ілесе шыққан күрескерлер еді. Олар патша құлаған соң, еркіндік бола ма деп сенді. Алайда большевиктер саясаты үмітті ақтамады, Алашордалықтар алған беттен қайтпай, еркіндік ұранын айта берді. Қазақтың асыл ерлері ақыры сол үшін құрбан болды. Тәуелсіздік ойын оятқан арыстарымыздың мұратына қол жеткізу біздің ұрпақтың маңдайына бұйырды. Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет сол арыстардың асыл арманы- ның жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Алаштың, асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегей- лігімізді, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндет- тейді. Алаштың асыл армандары бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады. Қазақстан халқының бірлігі берінен бұрын қазақтардың бірлігіне байланысты, Н. Жүсіп 6. «Түсінік» ойыны. 1) Мәтіннен тірек сөздерді тауып, әрқайсысына 4-5 ассоциация-тірек сөзден жаз. 2) Оның ішіндегі негізгі 1-2 сөзді белгіле.
Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:жүгіру және оқ ату,тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату. Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.
Еңбек пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.