-Бүгінгі қазақ театры туралы не білесіздер? -Қазақты әлемге танытқан тұлғалар кімдер?
-Кино мен спектакьдің айырмашылығы бар ма?
-Соңғы рет қашан театрға бардыңыз?Текст керекпа? Театр өнері–ең алдымен драмалық әдеби шығарманы сахнада интерпретациялау өнері. Бұл интерпретацияның негізгі тұлғасы актер, құралы–оның ойыны. Актер рөл арқылы драматург пен режиссердің ойын академиялық сахнадағы барлық нәрсені іске қосып, оларға театрлық көркемдік береді. Театр қойылымының шындыққа сәйкестігі декорациялық безендіруге емес, актер ойынының нанымдылығына байланысты. Сахнада пейзаж, қала көрінісін, бөлме ішін дәл беруге болады. Слайда, актер өз ойыны арқылы оларға тіршілік тынысын бере алмаса, олардың бәрі солған күйінде қалады. Сондықтанда актерлік шеберлік ерекше таланттылықты талап етеді. Актер дикция, интонация, мисика, пластика, жест сияқты көркемдік құрал-тәсілдерді жете меңгеруі қажет. Ол өзінің өмірілік тәжірибесіне сүйене отырып, драматугртың жеткізе алмағанын көрерменге жеткізіп, мәнін аша түседі. Бұл актердің әрі орындаушы, әрі жасампаз тұлға екенін аңғартады.
1928 жылы қазақ драма театры Алматыға көшіп келгеннен кейін мұнда творчестволық жұмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалды. Театрға арнайы үй беріліп, костюм, декорациялық буйымдар жасайтын цехтар ұйымдастырылып, дарынды да талантты жастармен театр труппасы толықтырыла тусті. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған Күләш Байсейітова, бірнеше пьеса жазған Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әншілер Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жұмат Шанин болды. Бїл кезендегі театр сахнасына қойылған драмалық шығармалардың дені – қазақ ауылындаєы келенсіз жайттарды әшкерелейтін пьесалар.
1934 жылы Алматыда музыкалық театр (қазіргі опера және балет театры), Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Орал, Семей және Шымкентте облыстық қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Облыс орталықтарында шаңырақ қөтерген театрлар өз репертуарларын Мұхтар Әуезов драматургиясынан бастады, әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында жеткен биігін де осымен межеледі. Ұлы Отан соғысы жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жатқан пьесалармен қатар әскери тақырыпқа жазылған Мұхтар Әуезовтің „Сын сағатта“, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің „Намыс гвардиясы“, Сәбит Мұқановтың „Жеңіс жыры“, Әлжаппар Әбішевтің „Найзағай“ мен „Қырағылық“ атты және тағы басқа драмалық шығармалар орын алды.
Театрдың маңызды ерекшелігі–творчестволық актінің көрерменің көз алдында орындалуында. Егер кинода көрермен творчестволық процестің нәтижесін ғана көрсе, театрда ол осы процестің өзін бақылайды. Кинода көрермен мен актер арасында шынайы байланыс орнаты мүмкіндігі шектелген, ал спектакль көрерменге көркем шығарманың астарлы сырын танытқандай болады. Спектакльден ләззат алудың бір құпиясы осында жатыр.
Театр табиғаты жағынан–ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш-жігерін спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.
Әр адамның Отан алдыңдағы борышы
Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш.
Отанымыз біз үшін өте қымбат.Отанымызда жететін жер тіл жок деп өз басым солай санаймын.
Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Ең аяғы, аң-құс та бір өңірді мекендеп, басқа аймақтарды жерсінбейді. Не нәрсені де саудалау сәнге айналған бір жылдары араб жұртынан келген қонақтар қазақ даласының қырандарын сатып әкеткені бар.
Қырандардың аяғына сақина кигізіп, әлпештеп, аялап-ақ ұстайды. Бір қызығы, сол биіктік сақшылары бір күні ізім-қайым жоғалыпты. Сөйтсе, олар өздерінің бауыр басқан мекені, ата жұрты, жалғыз Отаны – қазақ даласына қайта оралған екен.
Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі. Бұл өнімнен бас тартатын себептер көп және солар жайлы айтып кетейік.
Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұндай мекемелер Ежелгі Римде де болған. Бірақ ол заманда тағамдарды табиғи өнімдерден жасаған. Ал қазір оған дәмді күшейтетін және иіс шығаратын қоспалар қосылады. Фастфудтың иелері жылына бірнеше миллиард доллар табыс табады. Бұл өнімдердің тұтынушылары миллионнан асады. Фастфуд – ыңғайлы, жылдам және арзан болғанына қарамастан, оның бір кемшілігі бар – ол денсаулыққа зиянды. Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері: Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды. Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. Тағамдардың көпшілігі тазартылған көмірсулардан тұрады. Жасұнық (клетчатка) болмағандықтан, глюкоза түріндегі көмірсулар қанмен араласады. Нәтижесінде қанның қант деңгейі көтеріліп, диабет және семіздікке әкелуі мүмкін. Глутамат натрий – иіс және дәмді күшейтетін қоспа. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді. Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады. Өндірушілер оның көмегімен сақтау мерзімін ұзартады. Аллергияларға бейім адамдарға оны қолданбауға кеңес беріледі. Көмірсулар мен қант, ауыздағы қышқылдықты жоғарылатып, тіс эмальінің бұзылуына және кариестің пайда болуына әкеледі. Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырады. Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен. АҚШ халқының 60%-ы семіздіктен зардап шегуде. Бұған кінәлі әрине – фастфуд өнімдері. Біздің елде мұндай қайғылы көрініс әлі орын алмаған. Бірақ болашақта осы проблемаға тап болуымыз мүмкін. Денсаулығыңызды ойлайтын болсаңыз, үй тағамдарын жеуге тырысыңыз.