Бөлім «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»,
«Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш»
Білім алушы: Күні: Сыныбы: 8 «В»
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау
8.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) жанрға қатысты ерекшелікті анықтайды
• Шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды
Тапсырма Мәтіндерді оқып, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген.
Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
1. Мәтіннің жанры
2. Мәтіннің жанрына тән 2 ерекшелікті белгілеңіз.
А) кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер қамтылады
В) өзекті мәселе талқыланып, автор көзқарасы жазылады
С) көтерілген мәселе диалог түрінде жазылады
D) шығарманың тіл ерекшелігі, көркем тәсілдері жазылады
Е) оқиғаларды, талдап-бағалайды, оқырмандарға түсіндіреді
3. Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз.
Біздің мектеп алтыншы шағынауданда орналасқан. Біздің мектептің алды таза. Мектеп үш қабатты. Спортзалы, асханасы болады. Біздің мектептің ауласы үлкен. Мектепте математика, информатика кабинеттері бар. Мектеп сыныптары таза, жарық, кең. Мектепте ақылды, қамқор мұғалімдер жұмыс істейді. Мен өземнің мектебімді жақсы көремін.
Наша школа в шестом микрорайоне расположилась.Наша школа чиста.Школа трехэтажная. Есть спортивный зал, столовая.Двор нашей школы большой. В школе есть кабинеты матаматики, информатики.Классы школы чисты, светлы, просторны. В школе работают умные, заботливые учителя. Я люблю свою школу.