Бөлім «Білім. Ғылым. Инновация» Оқу мақсаты 8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау 8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау Бағалау критерийі Білім алушы • Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде анықтайды • Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданады Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Орындау уақыты 15-20 минут Тапсырма Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады. Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жемісжидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін. 1. Мәтіндегі ең маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз. 2. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз. А) Нан өте тез көгеріп кетеді. В) Жаңа технология бактерияларды жояды. С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін. D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды. 3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстың адам өміріне пайдасы туралы ойыңызды білдіріңіз. Тұрақты тіркестер: үш ұйықтаса түсіне кірмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын алатын, қас пен көздің арасында.
Когда я была еще маленькой, мне подарили игрушечного медвежонка. Он мне очень понравился. А называла я его просто - Миша. Я думала, что он будет расти вместе со мной, но я росла, а мой мишка оставался все таким же маленьким.
У меня много других игрушек, красивых кукол, но мишка самый дорогой для меня. Своему любимому Мише я рассказываю свои секреты. . Он меня всегда внимательно слушает и даже успокаивает, потому что мне становится легче, когда я ему Я уже большая и понимаю, что это игрушка. Но я очень люблю его!
Кішкентай кезімде маған ойыншық аюды берді. Ол маған қатты ұнады. Мен оған Миша деп ат бердім. Ол менімен бірге өседі деп ойладым, бірақ мен өстім, ал аюым әлі де кішкентай болды.
Менің басқа да көптеген ойыншықтарым, әдемі қуыршақтарым бар, бірақ аюым мен үшін ең қымбат. Мен оған бүкіл құпияларды айтамын. Ол әрдайым мұқият тыңдайды, тіпті мені сабырландырады, себебі мен оған құпиямды айтқан кезде маған оңайырақ болады. Мен қазір үлкен бодым, бұл жай ойыншық екенін түсінемін. Бірақ мен оны шынымен жақсы көремін!
Не забываем про сердечку и звездочки на ответ, это мотивирует меня и других людей на более усердную обычным обывателям интернета!