Біліміңді тексер 1. Ағылшын отаршылдары Үндістанды толық отарлауды қалай аяқтады?
2. Солдаттар ағылшын офицерлерінің ықпалымен еуропалық әскери тәсілдерге
үйренді, олардың қатаң бақылауында болды. Осы әскерде қызмет еткен
үнділерді кім деп атады?
3. Үндістанның қандай әлеуметтік топтары қанаудың ауыр зардабын тартты?
4. Сипайлар көтерілісі қалай аяқталды? Қол жеткізген жетістіктерін атап көр-
сете аласың ба?
5. Дәптеріне кестені сызып, толтыр.
Сипайлар көтерілісі
Көтеріліс
сипаттары
Көтерілісшілер
мақсаттары
Негізгі
оқиғалар
Жеңілу
себептері
Нәтижесі мен
мәні
«Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалап тұр.
Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт.Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді.2) Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.Поэма ағылшын, азербайжан, араб, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, үйғыр тілдеріне аударылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Ақмола, Алматы, ШҚО,
Жамбыл, СҚО және ОҚ облыстарында
10-нан астам экосайт қызмет етеді. «Экосайт»- жергілікті
қоғамдастықтарға негізделген экотуризм дамып, жобалар іске
асатын жерді белгілейтін, Еуразия-Орталық Азия қорығы ұсынған
термин. Бундай экосайттардың көпшілігі ерекше қорғалатын табиғи
аумақта және оларға жақын жатқан аймақта орналасқан. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ арасында келесілерді ерекшелеуге болады :
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Алматы мемлекеттік
табиғи қорығы, Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы, Батыс Алтай
мемлекеттік табиғи қорығы, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркі, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Көкшетау
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық
табиғи паркі және т.б.
Объяснение: