Біліміңді тексер 1. Францияға қарсы күрестің негізгі сатыларын атап көр.
2. Наполеон басқарған кезеңде Францияда қандай өзгерістер болды?
3. Наполеондық әскердің мықтылығы неде болды?
4. Вена конгресінің негізгі шешімдері қандай болды?
5. Неге құрлықтық блокада жемісті болмады?
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
(сондықтан оқу керек)
- Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.
- Неліктен?
- Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.
- Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?
- Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!
- Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?
- Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.
- Ал ауаны қалай ластамауға болады?
- Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.
- Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?
- Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.
- Оттегі деген не?
- Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.
- Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой.
- Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.