Бөлімді жиынтық бағалау. 1."Тест"әдісі.
1."Ер Төстік"ертегісін кім айтып берді?
А).Әкесі
В).Анасы
С).Тәрбиеші
Д).Әжесі
2.Танысқан әжей ертегі айтты ма?
А).Айтты
В).Айтпады
С).Балалар сұрамады.
Д).Уақыты болмады.
3.Тәрбиеші балалар бақшасында қандай ертегі айтты?
А)."Құйыршық"
В)"Ер Төстік"
С)"Қызыл телпек"
Д)"Түлкі мен тазы"
4.Ая қонақтықтан қандай күйде келе жатты?
А)көңілді
В)жайдары
С)шаршаңқы
Д)көңілсіз
5.Балалар қиялындағы әже қандай еді?
А)сәнденіп киінген
В)шәйі орамал тартқан
С)мейірімді,ақылды,ұршық иіретін
Д)ертегі білмейтін.
2..Сұрақтарға "иә","жоқ"жауаптарын жазу.
1.Әкесі "Ер Төстік"ертегісін айтып берді ме?
2.Тәрбиеші балабақшада "Құйыршық"ертегісін айтты ма?
3.Тәрбиеші "Қызыл телпек"ертегісін айтты ма?
4.Райхан Аядан үлкен бе?
5."Әже деген кім"деген сұрақты қойған Райхан ба?
6.Әкенің мақсаты нағыз қазақи атаны көрсету ме?
7.Азаттың айтуы бойынша әже мейірімді де ақылды адам ба?
8.Қыздардың арманы әйбат кісімен бетпе-бет кездесу ме?
"Кімнің сөзі"әдісі.
1."Әже сендер сияқты балалардың папалары мен мамаларын өсірген кісі,-дейтінмін,-Өзі мейірімді де ақылды адам.Ешкімге ешқашан ұрыспайды,ұрса қалса,орнымен,теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады.Үні де,қолы да,көзқарасы да жұмсақ..."
А)Балқыз
В)Азат
С)Жолдас
Д)Әсия
2.-Жақсы кісілер.Тіпті айтары жоқ,оңды адамдар.Асты-үстімізге түсіп,жандары қалмай жүгіріп жүр.Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.
А)Балқыз
В)Азат
С)Жолдас
Д)Әсия
3.Сөзге де,іске де алғыр өжет жігіттің бойында кез-келген адамда табыла бермейтін ептеген ірілік те бар.Сонда да мансабын көлденең тартып,кергімей,біз сияқты қарапайым кісімен жылы қарым-қатынаста болуы оның адамшылығын,азаматтығын білдіретін.
А)Балқыз
В)Азат
С)Жолдас
Д)Әсия
4.Өзінің адресіне айтылып жатқан небір әдемі сөздерді,ықыласыңды салып құлақ қойсаң,жанарыңа жас үйіретіндей әсерлі тілектерді той иесінің тыңдай алмауы көңілге біртүрлі өкініш әкелгендей.
А)Алик
В)Ая
С)Ажар
Д)Райхан
5."Міне,қызық...-деймін одан көз алмаған бойы іштей таңырқай түсіп,-Жарықтық,біздің әжелеріміз бұл кісінің қасында дүниеден түк қызық көрмей,бос өткен екен ғой әншейін.."
А)Балқыз
В)Азат
С)Жолдас
Д)Әсия.
4.Венн диаграммасымен бұрынғы және қазіргі әжелерді салыстырып жаз.
5."Асыл әжем"тақырыбында шағын эссе жаз.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.