Денсаулық осы өмірдің бар байлығы.Денсаулықты ешбір адам ешқандай затқа сатып ала алмайды.Сондықтан да осы байлықтан айырылып қалмау үшін біз денсаулығымызды барынша жақсы күтуіміз керек.Қазіргі заманда денсаулыққа зор зиянын тигізетін заттар өндіріліп жатыр.Алайда оның зиянын адамдар көзбен көріп тұрған жағдайда да өздерінің рахатын ғана ойлайды.Ал денсаулық жайында.Сондықтан да денсаулығымыз аман болсын десеңдер көбінше үй тағамдарын жеген дұрыс.Себебі біріншіден ол тамақта тек көкөністер мен пайдалы витаминдер бар .Ал олар біздің денсаулығымызды сақтауға көмектеседі.
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады