Білгенге маржан...
Азия ойындары – 1951 жылдан бері төрт жыл сайын Азия елдерінің арасында өткізілетін спорт жарысы. Уақытын есептеу Нью-Делиде өткен бірінші ойыннан бастап жүргізіліп келеді.
Ойындардың жалпы ұзақтығы ашылу және жабылу салтанатын қоса есептегенде, жеті күннен аз емес, он алты күннен артық емес. Азия ойындары Халықаралық олимпиада комитетінің қадағалауымен, Азиялық Олимпиа-да кеңесімен реттеледі. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. 1949 жылы Азия ойындары Үндістанда өтетін болып шешім қабылдан-ған.
Жеке жұмыс. «Білгенге маржан» оқып, мәтіннен шақ категорияларын (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) тауып жазыңыз. Кітап, 127 – 128 бет.
Мысалы: Өткен шақ: қабылданған, алды т.б. Выпешите из этого текста глаголы и определите вид
"Жануарлар мен өсімдіктер" тақырыбында диалог.
Әсия: – Сәлем,Гүлнұр!
Гүлнұр: – Сәлем,Әсия!Қалайсың?
Әсия: – Жақсы,өзің ше?
Гүлнұр: – Менде де бәрі жақсы.Мектепішілік сенбілікке бара жатырсың ба?
Әсия: – Ия,сен де бара жатырсың ба?
Гүлнұр: – Ия."Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтатын тілі жоқ" демекші,табиғатты қорғауға,оның өсімдіктері мен жан-жануарларына қамқор болғым келім.
Әсия: – Жарайсың!Мен де сол мақсатпен осындай сенбіліктерден қалмауға тырысамын.Жануарлар мен өсімдіктер табиғатты құрайды.Және олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.
Гүлнұр: – Дұрыс айтасың.Өте ертеде тіршілік еткен жануарлар қазір жоқ.
Әсия: – Ал өсімдіктердің біршамасы Қызыл кітапқа енген.
Гүлнұр: – Бұның бәрі адам іс-әрекетінің арқасында ғой.
Әсия: – Шынымен де,адам осылай табиғатқа зиян келтіре берсе табиғат құриды.Біз оған керісінше қамқор болуымыз керек қой.
Гүлнұр: – Әрине.Кеттік,кешігіп қалмайық.
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Жануарлар
Animal diversity.png