Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы ХВ ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады.
Кириллица — славян әліпбиінің алғашқы екі түрінің бірі (екіншісі – глаголица). Әліпби славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь)қаласында туған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды. Грек жазуының 25 әріпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 әріп қосып, 43 әріптен тұратын әліпби құрастырды. Қазіргі Кириллица 43 әріптен тұрады, ол әуелде 38 әріптен құралып, оған 5 әріп кейін қосылды. Кириллицаның әріптік құрамы көне славян тілінің дыбыстық жүйесіне сай келеді, сондықтан ол қазіргі славян тілдерінің көпшілігінің әліпбиіне негіз болды. Кириллица грек жазуы негізінде жасалған. Ресейге Кириллица 10 ғ-да енген. Орыс әліпбиінен Кириллицаның 12 әрпі шығарылып, екі жаңа әріп (й, е) қосылған.1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуы жаппай кириллицаға көшірілді. Оның ішінде қазақ жазуы да кирилл әліпбиіне көшіріліп, бүгінге дейін қолданылып келеді.